13.06.2012, 17:36 3091

Қазақстанда сот журналистері даярланатын болады

ҚР Жоғарғы соты мен Қазақстан судьялары одағы еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен арнайы меморандумды рәсімдейді.

Астана. 13-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда сот журналистері даярланатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Жоғарғы соты мен Қазақстан судьялары одағы еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен арнайы меморандумды рәсімдейді.

Оған сәйкес, сот ісі саласы бойынша журналист мамандарды даярлау жоспарланып отыр. Бүл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Жоғарғы сотының ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті.

Оның хабарлауынша, аталған құжат осы айда рәсімделеді. "Қазақстандағы сот билігінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығын ескере отырып, Жоғарғы сот және Қазақстан судьялары одағы еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумды рәсімдеп, сот қызметін жазып-көрсететін журналист мамандарды даярлауды қолға алуды жоспарлап отыр", - дейді О.Петерс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны