06.09.2016, 14:34 3844

Қазақстанда сотталғандарды туған-туыстарымен интерактивті байланыстыру мүмкіндігі жоспарлануда

Былтыр 1 желтоқсаннан 15 желтоқсанға дейiн елiмiзде 16 мыӊ адам түрмеден босап шықты. Сол 16 мыӊныӊ 11 мыӊы пробация қызметiне барып тiркелдi, кейін барлығы жұмысқа орналасты.

Астана. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елiмiзде түрмеден шыққандардыӊ 27%-ы қайта қылмыс жасайды, ал пробация қызметiне тiркелгендердіӊ 0,5 пайызы ғана екінші қайтара қылмысқа барады.

"Былтыр 1 желтоқсаннан 15 желтоқсанға дейiн елiмiзде 16 мыӊ адам түрмеден босап шықты. Сол 16 мыӊныӊ 11 мыӊы пробация қызметiне барып тiркелдi, кейін барлығы жұмысқа орналасты. Ал сотталған 5 мыӊ азамат өз жазасын толық өтеп шықты. Жалпы, түрмеден шыққандардыӊ 27 пайызы қайта қылмыс жасаса, пробацияда тұрғандардыӊ 0,5 пайызы ғана екінші қайтара қылмыс жасайды. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, Ұлыбританияда сотталғандардыӊ 45 пайызы қайта қылмыс жолына түседi", - дейдi М.Аюбаев.

Оныӊ айтуынша, бүгiнгi стратегиялық жобаныӊ мақсаты - қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде жазасын өтеп шыққандарға, бiрiншiден, үй-жайын қарастыру, екiншiден, жұмыспен қамтамасыз ету, үшiншiден, асқынған аурулары бар азаматтардыӊ денсаулығын арнайы мекемелермен бiрге қадағалау. Қазақстанда сотталғандарды туған-туыстарымен интерактивті байланыстыру мүмкіндігі жоспарлануда

"Бiзде пробация қызметi, әлеуметтiк орган қызметкерлерi бар. Олардыӊ мақсаты - сотталып шыққан адамдардыӊ қайтадан қылмысқа баруына жол бермеу, соныӊ алдын алу", - дедi М.Аюбаев.

Пробация қызметiнiӊ мақсаты - шартты түрде бас бостандығы шектелген және шартты түрде босатылғандар мен сот қаулысымен әкімшілік қадағалау орнатылған азаматтарға әлеуметтік- құқықтық қызмет көрсету. Еліміздегі қылмыстық саясат тұжырымдамасыныӊ негізгі бағыттарыныӊ бірі - істі болған жандарды бас бостандығынан айырмай жазаға тарту болса, пробация осы бағытқа дәл келеді. Жалпы, пробация сөзі, қазақшаға аударғанда "сынау, байқау" дегенді білдіреді екен. Яғни сынаудыӊ негізі - адамныӊ қылмыс жасағанына қарамастан, оныӊ түрмеге отырмауына мүмкіндік беру.

Ол үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттардыӊ бәрін орындауы керек. Осылайша, байқаусызда сүрінген жандар болса, оларды түрмеге тықпай, қоғамға бейімделуіне мүмкіндік беру. Ал пробация қызметі ондай жандарды бақылап қана қоймай, әлеуметтік мәселелері болса, сол мәселерін шешуге ықпал жасайды. Пробация қызметініӊ негізгі бағыттары қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандарға білім алып, кәсіп меӊгеріп, жұмысқа орналасуына ықпал жасап, ауырып қалса, дәрігерлік көмек көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.

Илеуметтік-құқықтық көмек әрқайсысыныӊ қажеттілігіне байланысты көрсетіледі. Пробациялық қызметке жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар жәрдемдеседі. Аталмыш қызметке деген қажеттіліктіӊ туындау себебі, пробация қызметіне қарайтындардыӊ көбісі - шартты түрде сынақ мерзіміне және бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандар. Олар пробация қызметіне келіп, тіркеліп тұруға міндетті. Сондай-ақ қала аумағынан шықса немесе тұрғылықты мекен-жайын ауыстырса, пробациялық қызмет өкілдеріне міндетті түрде хабарлауы қажет. Пробация қызметкерлерініӊ әрекеті заӊға қайшы болса, онда ҚР заӊдарына сүйене отырып, шағым түсіре алады.

Атап өтсек, бүгiн ҚР Ішкі істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірігіп, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, пробация қызметінде есепте тұрғандарды әлеуметтік оӊалтудыӊ кешенді стратегиясыныӊ жобасын таныстырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны