21.07.2016, 14:19 4069

Қазақстанда созылмалы аурулары бар адамдарға арналған тегін дәрілер рецептісін беру процедуралары жеӊілдетілді - А.Цой

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой ҚР ДСИДМ-ніӊ ағымдағы жылдыӊ 6 айындағы денсаулық сақтау саласындағы қызметініӊ қорытындысы бойынша алқа мәжілісінде "Кезексіз емханалар" имидждік жобасын жүзеге асыру туралы мәлімдеді

Астана. 21 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой ҚР ДСИДМ-ніӊ ағымдағы жылдыӊ 6 айындағы денсаулық сақтау саласындағы қызметініӊ қорытындысы бойынша алқа мәжілісінде "Кезексіз емханалар" имидждік жобасын жүзеге асыру туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) көрсетудіӊ 294 ұйымында кезектерді төмендету бойынша шаралардыӊ мониторингі жүргізіліп, нәтижесінде барлық аймақтарда созылмалы аурулары бар адамдарға арналған тегін дәрілер рецептісін беру процедуралары жеӊілдетілгені - оныӊ 3 айға бір мерзімде берілетіні анықталды", - деп атап өтті А. Цой, деп хабарлайды pm.kz тілшісі.

Вице-министрдіӊ айтуынша, амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін 286 ұйымда тіркеу орнына қоӊырау шалу арқылы пациенттерді алдын-ала дәрігерге жазу немесе үйге шақыру шаралары енгізілген. 290 МСАК ұйымдарында шұғыл көмек қажет ететін пациенттер үшін сүзгі-кабинеттер мен дәрігерге дейінгі кабинеттер жұмыс жасайды.

"Ал профилактикалық тексерілу мақсатында келген пациенттер үшін 282 скринингтік кабинет қызмет көрсетеді. Барлық аймақтарда Пациенттерді қолдау қызметі мен "Қазір және дәл осы жерде" қағидасымен қызмет көрсететін сенім телефоны жұмыс істейді", - деп түйіндеді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны