05.07.2013, 12:09 3052

Қазақстанда созылмалы респираторлық аурулармен күрес жөніндегі Ғаламдық альянстың 8-ші кеңесі өтуде

Астанада тыныс алу органдары аурулары бойынша IV Ұлттық Конгресс және созылмалы респираторлық аурулармен күрес жөніндегі Ғаламдық альянстың VIII кеңесі өтуде, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 5-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда созылмалы респираторлық аурулармен күрес жөніндегі Ғаламдық альянстың 8-ші кеңесі өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астанада тыныс алу органдары аурулары бойынша IV Ұлттық Конгресс және созылмалы респираторлық аурулармен күрес жөніндегі Ғаламдық альянстың VIII кеңесі өтуде, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі тыныс алу органдары патологиясы проблемаларының өзектілігін ескере отырып, тыныс алу органдары аурулары бойынша IV Ұлттық Конгресс және созылмалы респираторлық аурулармен күрес жөніндегі Ғаламдық альянстың VIII кеңесін өткізуде. Конгресс жұмысына пульмонологтар, фтизиаторлар, торакальды хирургтер, аллергологтар, сондай-ақ Еуропа, Австралия, Америка, Азияның 26 елінен халықаралық мамандар қатысуда", - делінген мәлімдемеде.

Аталған іс-шара тыныс алу органдарына байланысты аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеудің барлық аспектілерін қамтып, тыныс алу органдары патологиясы саласындағы проблемаларды анықтауға ықпал ететін болады.

Айта кету керек, көп таралған тыныс алу органдары аурулары: пневмония, өкпенің созылмалы обструктивті аурулары, бронха астмасы, гипоплазия, бронхоэктазия, өкпенің интерстициалды аурулары және т.б.

Оған қоса, тыныс алу жүйесі ауруларының таралуына себеп болатын негізгі факторлар: климаттың өзгеруі, қолайсыз қоршаған ортаның әсері, қалалардың өсуі, автокөліктер санының ұлғаюы, темекі шегу, өнеркәсіп кәсіпорындарының қалдықтары, түрлі вирустық аурулар санының артуы, микроағзалардың бактерияларға қарсы препараттарға тұрақтылығы және т.б.

Осыған байланысты, конгресте қабылданған шешімдер және бүкіл әлемнің ғылыми қоғамдастығының жемісті ынтымақтастығы негізгі респираторлық ауруларды диагностикалау және емдеу жолдарын жетілдіруге, бұл ауруларға шалдығушылық пен өлім-жітімді азайтуға мүмкіндік береді.

Конгресс қорытындысында оң халықаралық тәжірибе негізінде тыныс алу органдары ауруларының алдын алудың тиімділігін арттыруға қатысты стратегия әзірленетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны