11.08.2006, 09:17 3895

Қазақстанда СПИД-пен ауыратын 402, ВИЧ індетін жұқтырған 6485 адам тіркелген

АСТАНА. 11-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстанда ВИЧ індетін жұқтырған 6485 адам, соның ішінде 14 жасқа дейінгі 14 бала тіркелген. СПИД-пен ауыратын 402 адам бар, 337 адам одан қайтыс болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР денсаулық сақтау министрлігінен хабарлады.

Министрлік ақпаратына сәйкес, барлық жағдайлардың 75 проценті есірткіні тамырға егіп пайдалануға байланысты , 16 проценті жыныстық қарым-қатынастар арқылы жұқса, 8,2 процентінің қалай жұққаны белгісіз. Дертті жұқтырғандардың 51,6%-і 20-29 жас, 27,7%-і 30-39 жас, 9,5%-і 40-49 жас аралығындағылар.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2006-жылдың І жартысында дәрі-дәрмектер сатып алуға бөлінген қаржының жалпы көлемі 13 491 998 теңгені құрады. Сонымен бірге ВИЧ індетін жұқтырғандарды емдеуге Ғаламдық қордың қаржысы бөлінді. 2006-жылдың І жартысында антиретровирустық дәрілерді сатып алуға жалпы алғанда 320 мың доллар бөлінді. Республикалық бюджеттен 2006-жылға арнап тест-жүйесін сатып алуға 10 889 984 теңге бөлінді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны