11.03.2010, 18:18 8733

Қазақстанда су ресурстарын қорғау жөніндегі тәуелсіз агенттік құру қажет - сарапшы

"Біз су ресурстарын қорғау жөніндегі тәуелсіз агенттік құруымыз қажет. Мен эколог маман ретінде оны Су ресурстарын қорғау жөніндегі агенттік деп атау дұрыс деген пікірдемін. Оған су ресурстарын тиімді пайдалану да жатады", - деді Б. Есекин.

Астана. 11 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда су ресурстарын қорғау жөніндегі тәуелсіз агенттік құру қажет. Бұл туралы бүгін Еуропалық комиссияның "Қазақстанда экологиялық саясат құралдарын енгізу" атты жобасының бас сарапшысы Болат Есекин дөңгелек үстел кезінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз су ресурстарын қорғау жөніндегі тәуелсіз агенттік құруымыз қажет. Мен эколог маман ретінде оны Су ресурстарын қорғау жөніндегі агенттік деп атау дұрыс деген пікірдемін. Оған су ресурстарын тиімді пайдалану да жатады", - деді Б. Есекин.

Оның айтуынша, агенттік басқа мекемелердің қарамағында болмағаны аса маңызды, "ол суды жалпы шаруашылықтың, экологияның, Арал, Балхаш, Каспий мен басқа да су қоймаларының мүддесіне сай таратуға тиіс".

"Еуропалық су директивасына сәйкес, ЕО мүше барлық елдер суға қатысты барлық мәселелерді, атап айтсақ, судың сапасы мен экологиялық мәселелерді үйлестіруді жолға қоятын бір ғана жауапты ұйымды айқындауға тиіс. Ал біздің елімізде судың сапасы экологияның, жер асты сулары - геологияның, трансшекаралық сулар - СІМ-нің қарамағында", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны