11.09.2012, 12:35 3245

Қазақстанда су тарифтерін бірнеше есеге арттыру қажет

"Италия, Ресей секілді суы мол елдерде судың тарифі үш есе, Польшада төрт есе көп. Біз суға зәру елміз, жылдан жылға су тапшылығын тарта бермекпіз. Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов соңғы келуі егер суды тегін секілді қабылдасақ, ертең су проблемасы өзекті болатынын көрсетті. Біз тарифті арттыруда кезеңмен алға жылжуымыз керек", - деп С.Ахметов бүгін Астанада өткен үкімет отырысында атап көрсетті.

Астана. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бірінші вице-премьер Серік Ахметовтың мәлімдеуінше, Үкімет судың тарифін бірнеше рет арттыруды құптайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Италия, Ресей секілді суы мол елдерде судың тарифі үш есе, Польшада төрт есе көп. Біз суға зәру елміз, жылдан жылға су тапшылығын тарта бермекпіз. Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов соңғы келуі егер суды тегін секілді қабылдасақ, ертең су проблемасы өзекті болатынын көрсетті. Біз тарифті арттыруда кезеңмен алға жылжуымыз керек", - деп С.Ахметов бүгін Астанада өткен үкімет отырысында атап көрсетті.

Табиғи монополияны реттеу агенттігі қабылдаған су тарифін есептеу әдісін түбегейлі өзгерту қажет, бізге суды бірнеше есе қымбаттату қажет, сонда адамдар үнемдей бастайды, сонда ғана суды ұтымды пайдалану жолға қойылмақ. Ал, тұрмысы төмен жандарға келер болсақ, аймақтарда, елде оны өтеуге мүмкіндік бар", - дейді С.Ахметов.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов суды үнемдеу жөніндегі президенттің тапсырмасы шеңберінде тарифтерді саралау жұмысы жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны