09.02.2010, 15:27 4532

Қазақстанда суық тиюге байланысты ауралардың өсуі мен дәрі-дәрмек тапшылығы байқалуда - Досқалиев

Қазақстанда суық тиюге байланысты ауралардың өсуі мен дәрі-дәрмек тапшылығы байқалуда - Досқалиев

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның кейбір өңірлерінде суық тиюге байланысты ауралардың өсуі мен осындай суық тиюге қарсы дәрі-дәрмектердің тапшылығы байқалуда. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Елімізде суық тиюге байланысты ауралар 1,5 есе өсті. Кейбір өңірлерде дәрі-дәрмекке қатысты мәселе туындап отырған жоқ, дәрі-дәрмектер жеткілікті мөлшерде дайындалған. Бірақ, апталық, екі апталық және үш апталық қор қалған кейбір өңірлер бар", - деді Ж. Досқалиев.

"Сіз қол қойған қаулыда облыстық денсаулық сақтау бөлімдеріне жабдықтаушылардан ұсынылған бағаға дәріні тікелей сатып алуға мүмкіндік берілген. Олар 30 күндік қор жасай алады", - деді ол үкімет басшысы Кәрім Мәсімовқа қаратып айтқан сөзінде.

Оның мәлімдеуінше, "барлық өңірлерге 1 наурыздан бастап дәрі-дәрмек толыққанды жеткізіледі".

Сонымен бірге оның айтуынша, "қазір оқиғаны бас пайдасына жарата қою үшін бағаны көтеріп жатқан жабдықтаушылар да бар". "Бірақ бұл проблема екі-үш күнде шешімін табады", - деді Ж. Досқалиев.

Өз кезегінде Кәрім Мәсімов денсаулық сақтау министріне дәрі қорына қатысты мәселені аптаның аяғына дейін шешуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны