16.01.2015, 12:01 5012

Қазақстанда сүттіӊ өнеркәсіптік өндірісі қарқын ала түсуде.

Алматы облысында 780 бас ІҚМ ұстауға шамаланған "Медеу коммерц" ЖШС жаӊа ірі тауарлы сүт фермасы іске қосылады. Жобалық қуатына шыққан соӊ, мұнда жылына 6000 мыӊ литр тауарлы сүт өндіру жоспарлап отыр

Астана. 16 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы облысында 780 бас ІҚМ ұстауға шамаланған "Медеу коммерц" ЖШС жаӊа ірі тауарлы сүт фермасы іске қосылады. Жобалық қуатына шыққан соӊ, мұнда жылына 6000 мыӊ литр тауарлы сүт өндіру жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінгі таӊда Қазақстан ішкі нарықтыӊ қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті сүт өндірмейді. Қазіргі заманауи технологиялар бойынша тұрғызылған: өте сүтті асыл тұқымды малы көп, малды байламай ұстайтын және сүтті өнеркәсіптік өндіретін ірі тауарлы сүт фермаларын (ТСФ) құру арқылы сүтті өнеркәсіптік өндіруді дамыту мәселесін шешу. Тек осындай тәсілдеме ғана сүтті жыл бойы бір қалыпты өндіруге мүмкіндік беретін болады. "ҚазАгроҚаржы" АҚ жеӊілдікті талаптарда қаржыландыру ұсына отырып, осындай фермаларды құруға ынталандырады.

Қазіргі заман талабына сай қазақстандық ТСФ бірі - Алматы облысындағы "Медеу коммерц" ЖШС. Жобаға салынған инвестицияныӊ жалпы көлемі 3 602 млн. теӊге құрайды. Оныӊ ішіндегі "ҚазАгроҚаржы" АҚ салған қаражаты 2 995 млн. теӊге (83%), қарыз алушыныӊ меншікті өз қаражаты - 607 млн. теӊге (17%). Жоба бойынша лизингке голштино-фриз тұқымыныӊ 780 бас ІҚМ, мал ұстауға және сүтті қайта өӊдеуге арналған технологиялық жабдық сатылып алынған, бұзау қорасымен бірге сиыр қоралар мен көмекші қора-жайлар тұрғызылған, сондай-ақ жемшөп өндірісіне керекті ауыл шаруашылығы техникасы сатылып алынған.

"Медеу коммерц" ЖШС келесідей мемлекеттік қолдау шараларын алды:

- асыл тұқымды аналық малдар ұстауды, жемшөп қоспалары мен ветеринариялық дәрі-дәрімектерді субсидиялау бойынша;

- құрама жемдер мен сүтті субсидиялау бойынша;

- жемшөп өндірісін субсидиялау бойынша;

- инвестициялық субсидиялар

- тамақ өнеркәсібініӊ қайта өӊдеу кәсіпорындары үшін салық жеӊілдіктері (пұрсаттылықтар).

Қазіргі сәтте ТСФ 2013 жылдыӊ желтоқсан айында әкелінген 200 бас малдан тұратын бірінші партиясынан сүт алуда. 2014 жылдыӊ желтоқсан айында келіп жеткен 580 бас малдан тұратын екінші партиясы биылғы жыл ішінде бірқалыпты бұзаулай бастайды. Малдарды ІҚМ ұстау саласындағы жоғары білікті мамандар Голландия және Канада мамандарыныӊ берген кеӊестері бойынша бағып күтеді. "Медеу Коммерц" ЖШС-де сүт өндірісініӊ аяқталған циклі құрылған: фермадан басқа, мұнда алаӊы 2000 га жемшөп алқабы мен сүтті қайта өӊдеу цехы бар.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ тауарлы сүт өндірісі саласында барлығы жалпы сомасы 38 млрд. артық теӊгеге 33 жобаны мақұлдады, оныӊ ішіндегі компанияныӊ қаржыландыру үлесі 27 жарым млрд. теӊгені құрайды. Тауарлы-сүт фермаларыныӊ жиынтық жобалық қуаты шамамен жылына 150 мыӊ тонна сүт.

Жалпы, бүгінгі күні "ҚазАгро" Ұлттық холдингімен 39 млрд.теӊгеден астам сомаға сүт тауарлы фермаларды құру бойынша 34 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Олардыӊ жиынтық өндірістік қуаттылығы жылына 158,9 мыӊ тонна сүт және сүт өнімдерін құрайды. Осы тұрғыда 1,1 мыӊ жұмыс орындарын құру көзделген. Қазіргі уақытта жалпы құны 34,4 млрд.теӊге сомасына 27 жоба іске қосылды, оныӊ өндірістік қуаттылығы 146,7 мыӊ тонна сүт пен сүт өнімдерін құрайды.

Бұдан бөлек сүт тауарлы фермаларды дамытуды қолдау мақсатында және ҚР АШМ сүт шаруашылығын дамыту бойынша мастер-жоспарларына сәйкес республикада 200 бас ІҚМ арналған ірі СТФ және 50 мен 100 бас ІҚМ арналған шағын СТФ құру жоспарланған. "ҚазАгро" холдингініӊ еншілес компаниясы - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 2014 жылдыӊ қыркүйегінде 50 және 100 бас ІҚМ арналған шағын СТФ дамытуға несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруды бастады. Осыған орай "Ырыс" бағдарламасыныӊ шарттары жасалып, бекітілді. 2014 жылы осы бағдарлама арқылы 1 034,5 млн. теӊге сомасына 26 жоба қаржыландырылды, берілген қаражат арқылы 224 адам жұмыспен қамтылды. Бұдан бөлек 2015 жылы 2 850,0 млн.теӊгеге 80 жобаны қаржыландыру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта "ҚазАгро" холдингініӊ инвестициялық қоржыны жалпы құны 311,8 млрд.теӊге сомасына 480 жобаны құрайды /15 мыӊ жұмыс орнын құрумен/. 223,5 млрд.теӊге сомасына 365 жоба іске қосылды немесе 76% /11,5 мыӊ жұмыс орнын құрылды/.

Алматы облысы АӨК-не байланысты 2014 жылы "ҚазАгро" холдингі компаниялар тобымен АӨК қаржыландыруға 18,2 млрд.теӊге көлемінде сома бағытталды.

Алматы облысы бойынша инвестициялық қоржында 60,4 млрд.теӊге сомасына 61 жоба бар, олардыӊ пайдалануға берілуімен 2070 жұмыс орындарыныӊ құрылуы жоспарлануда. Оныӊ бүгінгі күні жалпы құны 43,3 млрд.теӊгеге 42 жобасы іске қосылды, 1998 жұмыс орнымен қамтылды.

Облыстыӊ АӨК субъектілерін қолдауға "ҚазАгро" Ұлттық холдингі құрамындағы компаниялармен 2014 жылы 1744,3 млн.теӊгеге 15 несиелік серіктестер қаржыландырылды, 2383,8 млн.теӊге сомасына 860 шағын несиелер берілді.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ баспасөз хатшысы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны