13.11.2012, 18:13 3386

Қазақстанда тағы бір жүрдек пойыз пайдалануға берілід

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылар пойыздарындағы сервисті жақсарту және жаңа жүрдек бағыттарын ашу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Астана. 13-қараша. Kazakhstan Today - 12 қарашадан бастап "Ақтөбе-Астана" қатынасындағы №88/87 "Ақтөбе" жаңа жүрдек пойызына билеттердің сатылымы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім етті.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылар пойыздарындағы сервисті жақсарту және жаңа жүрдек бағыттарын ашу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

14 желтоқсан күні Ақтөбе стансысынан "Жолаушылар тасымалы" АҚ құрастырған "Астана-Ақтөбе" қатынасындағы №88/87 "Ақтөбе" жаңа жүрдек жолаушылар пойызы жөнелтіледі.

Қатынау мерзімділігі - күн ара, жұп күндері.

Жолда жүру уақыты 11 сағатқа қысқартылып, Ақтөбеден Астанаға дейін 16 сағат 56 минутты және қайтарда 16 сағат 25 минутты құрайтын болады.

Ақтөбеден Астанаға дейінгі арақашықтық - 1411 шаршы метр.

Аталған пойыздың вагондары Астана қаласындағы "Тұлпар-Тальго" бірлескен қазақстан-испан кәсіпорнының зауытында құрастырылды.

Пойыз құрамы 2 техникалық вагон, 1 вагон-мейрамхана, 1 вагон-кафетерий, "Турист" санатындағы 15 вагонды қамтитын - 19 "Тұлпар-Тальго" вагонынан тұрады.

Вагондар "Жолаушылар тасымалы" АҚ жылжымалы құрамының техникалық-ресурсын жаңарту және арттыру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде сатып алынған және соған сәйкес 2014 жылға дейін тағы 420 жолаушылар вагоны сатып алынатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда жүрдек тасымалдау "Тальго" вагондарынан құрастырылған жолаушылар пойыздарының үш бағыты бойынша жүзеге асырылуда, олар: 2003 жылдан бері қатынайтын "Алматы-Астана" қатынасындағы №1/2 "Тұлпар", "Алматы-Шымкент" қатынасындағы №25/26 "Ақ сұңқар" және 2012 жылғы шілдеден бастап қатынайтын "Алматы-2- Петропавл" қатынасындағы №151/152 "Жетісу" пойызы.

2013 жылы тағы 2 жүрдек маршрутты ұйымдастыру жоспарланып отыр, олар: "Астана-Атырау", "Алматы-Атырау".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны