01.07.2013, 14:52 2758

Қазақстанда таяу арада ұялы байланыс қызмет көрсетулерінің құны төмендейді деп күтілуде

"Жақында Агенттіктің пайдасына шешілген сот шешімі заңды күшіне енді, осыған байланысты сәйкес сараптама жүргізген соң ұялы байланыс қызметтеріне бағалардың төмендеуі күтілуде", - деді Б.Қуандықов.

Астана. 1-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда таяу арада ұялы байланыс қызмет көрсетулеріне құнның төмендеуі күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік төрағасы Болатбек Қуандықов мәлім етті.

"Жақында Агенттіктің пайдасына шешілген сот шешімі заңды күшіне енді, осыған байланысты сәйкес сараптама жүргізген соң ұялы байланыс қызметтеріне бағалардың төмендеуі күтілуде", - деді Б.Қуандықов.

БҚА басышыс айтып өткендей, Қазақстандағы интерконнект тарифтері өте жоғары. Осылайша, ҚР-да Интерконнект мөлшерлемесі 13,02 теңгені құрайды, ТМД және ЕО елдерінде 3-5 шамасында және ол ұялы байланыстың соңғы құнына әсер етеді.

Б.Қуандықовтың айтуынша, шағым беру кезеңінде сот тәртібімен ұялы операторлар интерконнект қызметі бойынша тізілімге, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі түрінде салалық реттегішке оларды қосу туралы шешім бір жарым жылдан астам уақыт бойы баға сараптамасын жүргізуге, ал Агенттікке өз құзіретін теріс пайдалану пәніне доминанттар қызметтерін қарауға мүмкіндік бермеді.

Жалпы алғанда БҚА басшысының болжамынша, Доминанттар тізілімін жүргізуге негізделген Қазақстандағы монополияға қарсы реттеу тетігі дамыған елдердың халықыралық іс-тәжірибесі жанында ЕЭК-дегі интеграциялық үдерістер жағдайларында монополияға қарсы заңнама бұзушылықтары фактілері бойынша тиімді және оперативті елеу үшін тосқауыл болып табылады.

Қортындылай келе, ол байқағандай, соттардағы шағым беру үдерісінің ұзақтығын есепке ала отырып талдау нәтижелері жиі өзекті болмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны