08.06.2009, 12:41 1552

Қазақстанда таяуда туристердің Байқоңыр ғарыш айлағына сапарлау бағдарламасы іске қосылады

Қазақстанда таяуда туристердің Байқоңыр ғарыш айлағына сапарлау бағдарламасы іске қосылады

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда таяу уақыттарда туристердің Байқоңыр ғарыш айлағына сапарлау бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы бүгін еліміздің туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов парламент мәжілісінде өткен үкіметтік сағат барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Биыл Байқоңыр ғарыш айлағындағы туризм мәселелерін алдын-ала талқыладық, олар шешілу үстінде. Ал бұл саланы дамыту жайына келсек, бізде ауқымды жоба бар. Корейлер дамытудың мастер-жоспарын жасады, онда қонақүйлер мен туристерді ұшырылымдар кезінде қабылдайтын орындар қарастырылған. Бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр, менің ойымша, алдағы екі-үш жылда біз ғарыш кемелері мен жер серіктерінің ұшырылымы кезінде туристердің айлаққа жіберілуіне қол жеткізе аламыз", - деді Т. Досмұхамбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны