08.05.2007, 19:16 2918

Қазақстанда тамызда жеке басты куәландыратын құжаттарды электрондық тасымалдаушыға ауыстыру басталады

АСТАНА. 8 - мамыр. Kazakhstan Today. Иділет министрлігі 2007 жылдың тамызынан бастап жеке басты куәландыратын құжаттарды электрондық тасымалдаушыға ауыстырып қайта рәсімдеуге кіріседі. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Иділет министрлігінің тіркеу қызметі комитетінің төрағасы Самат Ибіш мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Тамыздың 1-нен бастап бұрындары алынған құжаттарды жаңа құжатқа ауыстыру, сонымен қатар жаңа құжаттар беруге қатысты жұмыстар ұйымдастырылады",- деді С. Ибіш.

Ол, "бүгінгі күнде мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесе отырып "Ұлттық идентификациялық нөмірлерінің реестрлері туралы" заңды жүзеге асыру үшін ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі медиа-жоспар әзірленгендігін, хабарлады. Аалмыш жобаға сәйкес, С. Ибіштің айтуынша, мамыр мен қыркүйек айлары аралығында заңның ережесін түсіндіруге қатысты кең ауқымды жұмыс жүргізіледі.

Бұрын хабарлағанымыздай, үстіміздегі жылдың қаңтарында "Ұлттық идентификациялық номерлерінің реестрлері туралы" заң қабылданған болатын. Аталмыш заңға сәйкес, республикада жеке тұлға үшін жеке куәлік, салық төлеушіні тіркеу және әлеуметтік жеке код нөмірлерін, ал заңды тұлға үшін - мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен стат-карта нөмірін біріктіретін идентификациялық нөмірлерінің жүйесі енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны