08.06.2007, 16:15 3149

Қазақстанда Тәуелсіз директорлар қауымдастығы құрылды

АЛМАТЫ. 8 - маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанның тәуелсіз директорлар қауымдастығы құрылды. Бүгін баспасөз мәслихатында ұйымның тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның тәуелсіз директорлар қауымдастығының бақылау кеңесінің төрағасы Ұлан Байжанов, қауымдастықтың консалтингтік компанияның бірнеше кеңесшілері мен сарапшыларының, сонымен қатар жетекші қазақстандық компаниялар мамандарының бастамасымен 2007 жылдың 10-шы мамырында құрылғандығын хабарлады. Ұйымның атқарушы директоры Рустам Жүрсіновтың түсіндіруінше, "Қауымдастықты құрудың негізгі миссиясы тәуелсіз директорлар қоғамдастығын біріктіру мен олардың жұмыстарының кәсіби стандартын дайындау болып табылады".

"Негізгі міндеттері - осы қоғамдастықты, тәуелсіз директорлар реестрін құру, сондай-ақ акционерлік қоғамдарда корпоративтік басқару тәжірибесі мен халықаралық тәжірибелерді қолдану, тәуелсіз директорлардың іс-қызметінің стандарттарын кәсіби, этикалық тұрғыдан қалыптастыру және қолдау болып табылады",- деді ол.

Қауымдастықтың мүшелері, қазіргі уақытта Қазақстандағы тәуелсіз директорлардың саны туралы толық ақпарат жоқ екендігін, атап өтті. Мамандар Қазақстанның тәуелсіз директорлар қауымдастығының жанында әлеуетті тәуелсіз директорлардың барлық кадидатурасын қарайтын сараптау кеңесін құрды. "Мәліметтер базасы құрылатын болады. Илеуетті тәуелсіз директорлар қазақстандық компанияларда, сонымен қатар, шетелдік компанияларда да әртүрлі кандидатураларды таңдау мен қарау мүмкіндіктері болғандығынан хабардар болып отырды",- деп атап өтті Қазақстанның корпоративтік басқару жөніндегі Ұлттық кеңесі басқармасының төрағасы Еркін Қалиев. Оның пайымдауынша, бұл жұмыс үстіміздегі жылдың күзінде аяқталады.

Сонымен қатар Ұ. Байжанов, "қауымдастық міндеттерінің бірі - қазақстандық менеджерлердің беделі мен қызметін ілгерілету екендігін" атап өтті. "Тәуелсіз директорлар саны АҚ санына байланысты үштен бір бөлігін құруға тиіс, бұл сан қазіргі уақытта 200-ден асуға тиіс",- деп санайды мамандар. Олардың пайымдауынша, бұл сан айтарлықтай өсетін болады. "Қазір мемлекеттік органдар корпоротивтік сияқты жүйе құрылу қажеттігі туралы айтып отыр, онда да қандайбір тәуелсіз директорлар қарастырылады",- деп атап өтті қауымдастық мүшелері.

Ұ. Байжановтың ақпараттарына сүйенсек, отандық компаниялардың бірі реестрді құру үшін 7 млн теңге бөлген. "Реестр қызығушылық танытқан барлық тұлғалар үшін шығарылатын болады",- деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны