18.07.2016, 10:27 3764

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында А вирустық гапатитімен сырқаттану 308 еседен астам төмендеді

99% жағдайда адамдар сауығып кетеді, дегенмен, 1%-дық жағдай өліммен аяқталуы мүмкін. Асқыну жағдайы ересектерге тән, вирустық және вирустық емес этиологиясы бар бауыр ауруларыныӊ кез келген түрімен ауыратын адамдарда кездеседі.

Астана. 18 шілде. Kazakhstan Today - Кеӊ көлемді вакциналау, судыӊ сапасын жақсарту мен азаматтардыӊ санитарлық сауаттылығын арттырудыӊ нәтижесінде соӊғы 25 жылда Қазақстанда балалар арасындағы А вирустық гепатитімен сырқаттану 308,5 есеге төмендеді. 2015 жылы 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы А гепатитімен сырқаттанудыӊ 140 жағдайы (100 мыӊ тұрғынға шаққандағы көрсеткіш - 3,08) тіркелді.1991 жылы бұл көрсеткіш 43201 (100 мыӊ тұрғынға шаққандағы көрсеткіш - 807) болды. Сонымен қатар, 2015 жылы ересек тұрғындар арасындағы А гепатитімен сырқаттанудыӊ 358 жағдайы (100 мыӊ тұрғынға шаққандағы көрсеткіш - 2,07) тіркелсе, 1991 жылы 55662 жағдай (100 мыӊ тұрғынға шаққандағы көрсеткіш - 331,1) тіркелген болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

А гепатиті (Боткин ауруы) - А вирустық гепатитінен туындайтын бауырдыӊ жіті жұқпалы ауруы. Бұл негізінен жұқпалы ауруға шалдықпаған (немесе вакциналанбаған) адам ауруды жұқтырған адамныӊ фекалийімен ластанған азық-түлік пен суды қолданған уақытта жұғады. Ауру қауіпсіз судыӊ болмауымен, санитарлық жағдайдыӊ және жеке гигиенаныӊ сақталмауымен тығыз байланысты.

Көп жағдайда А гапатитін қолдарын таза ұстамайтын балалар жұқтырады. Сондықтан гапатиттіӊ бұл түрін "жуылмаған қол ауруы" деп атайды.

Инкубациялық кезеӊ орта есеппен 35 күн болып саналады (7-50 күн аралығы).

99% жағдайда адамдар сауығып кетеді, дегенмен, 1%-дық жағдай өліммен аяқталуы мүмкін. Асқыну жағдайы ересектерге тән, вирустық және вирустық емес этиологиясы бар бауыр ауруларыныӊ кез келген түрімен ауыратын адамдарда кездеседі.

Ауруды жұқтырып алмау үшін жеке гигиена тәртіптерін сақтау керек, тек таза су ішіп, жеміс-жидектер мен көкеністерді қайнатылған сумен жуу шарт.

Сонымен қатар, аурудыӊ алдын мақсатында иммундау қолданылады. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша А вирустық гепатитіне қарсы вакциналау ауру көрсеткіші жоғары аймақтардағы балаларға жергілікті атқарушы орган қаражатыныӊ есебінен жүргізіледі.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны