05.07.2016, 13:25 4355

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында көкжөтелмен сырқаттану 7 еседен аса төмендеді

Соӊғы 25 жылда Қазақстанда вакцинациялаумен кеӊ көлемді қамту шаралары нәтижесінде көкжөтелмен сырқаттану деӊгейі ересектер арасында 7,6 есеге, балалар арасында 7,5 есеге төмендеді

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - Соӊғы 25 жылда Қазақстанда вакцинациялаумен кеӊ көлемді қамту шаралары нәтижесінде көкжөтелмен сырқаттану деӊгейі ересектер арасында 7,6 есеге, балалар арасында 7,5 есеге төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылы ересектер арасындағы көкжөтелдіӊ 74 жағдайы (сырқаттану көрсеткіші 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 0,43) тіркелді, 1991 жылы 562 жағдай (сырқаттану көрсеткіші 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 3,34) болған еді. Сонымен бірге, балалар арасындағы көкжетелдіӊ 74 жағдайы (сырқаттану көрсеткіші 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 1,63) тіркелді, 1991 жылы 555 жағдай (сырқаттану көрсеткіші 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 10,4) тіркелген болатын.

Көкжөтел - ауа-тамшы жолымен жұғатын, интоксикациямен, спазматикалық жөтелу ұстамаларымен және құсумен сипатталатын жіті антропонозды бактериалдық инфекция. 2 жасқа дейінгі балалар үшін өте қауіпті.

Инфекцияныӊ жалғыз көзі ауру адам болып табылады. Барлық адамдар (балалар және ересектер) көкжөтелді өте тез қабылдайды. Иммунитеттіӊ төмендеуі кезінде ауру адаммен тығыз қатынаста болған жағдайда сырқаттану қауіпі 100 % жетеді. Алайда, ауру адаммен тығыз қатынаста болған жағдайда ғана көкжөтелді жұқтыруға болады, өйткені инфекция қоздырғышыныӊ таралуы 2-3 метрден аспайды.

Инкубациялық кезеӊі орташа алғанда 5-9 күнді құрайды, алайда 3 тен 20 күнге жетуі мүмкін.

Көкжөтел балалар өмірініӊ бірінші айында аса ауыр, кей жағдайда өлім-жітіммен өтеді. Емшектегі балаларда бірнеше жөтелуден кейін демалысы қысқа мерзімге тоқтауы мүмкін (бірнеше секундттардан бір минутқа дейін және одан аса), бұл адам өміріне өте қауіпті. Пневмония (бронхопневмония) түріндегі және энцефалопатия (бас миындағы өзгерістер, құрысу салдарынан өлім-жітімге алып келуі мүмкін және өзінен кейін тұрақты зақымдаулар қалдырады, кереӊдік немесе эпилептикалық ұстамалар) түріндегі асқынулар жиі кездеседі.

Балаларда аурудыӊ алдын-алудыӊ негізгі әдісі вакцинациялау болып табылады. Қазіргі кезде 5 валентті (көкжөтел, дифтерия, сіреспе, сал ауруы, b типті гемофильді инфекция) және 6 валентті вакциналар (көкжөтел, дифтерия, сіреспе, полиомиелит, b типті гемофильді инфекция, гепатит В) жақсы нәтиже көрсетіп жүр.

Вакцинациядан бас тарту - инфекцияға бейім адамдардыӊ санын арттыруға және сырқаттанушылықтыӊ бұр етпесін тудыруы мүмкін.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны