19.12.2012, 10:31 3075

Қазақстанда тәулік бойы жұмыс істейтін алғашқы "Post-24" пошта бөлімі ашылды

Бүгін Астанада Қазақстанның тұңғыш тәулік бойы жұмыс істейтін "Post-24" пошта бөлімі ашылды. Кейін осындай пошта бөлімдерін елдің басқа да облыс орталықтарында ашу жоспарлануда.

Астана. 19-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда тәулік бойы жұмыс істейтін алғашқы "Post-24" пошта бөлімі ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Астанада Қазақстанның тұңғыш тәулік бойы жұмыс істейтін "Post-24" пошта бөлімі ашылды. Кейін осындай пошта бөлімдерін елдің басқа да облыс орталықтарында ашу жоспарлануда.

"Бұл бөлім елдегі бетке ұстар пошта бөлімі болып табылады. Ол пошталық, банктік құралдармен, адамдардың кезекте тұру және операторлардың жұмыс сапасын бағалаудың электронды жүйесімен жабдықталған. Жаңа форматтағы аталмыш пошта бөлімі жаһандық пошта желісіне ықпалдасуға мүмкіндік беретін "Қазпошта" АҚ-ның пошталық желілерді жаңғырту жүйесінің аясында құрылды", - дейді "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Аркен Арыстанов.

"Клиенттерге тәулік бойы қызмет көрсететін бірінші "Post-24" аймағы пошталық және қаржылық қызметтерді көрсетеді, 30-ға жуық министрлікке, ведомстволарға, мемлекеттік холдингтерге, ұлттық компанияларға және 50 мыңнан астам елорда тұрғындарына қызмет ететін болады", - деп атап өтті ол.

Пошта бөлімнің ашылуына ҚР Парламентінің депутаттары, "Нұр Отан" ХДП-нің, "Самұрық-Қазына" ҰИҚ-ның, ҚР-дағы дипломатиялық миссия мен Астана әкімдігінің өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны