01.06.2016, 14:58 4026

Қазақстанда "Таза су айдындары" табиғат қорғау акциясы аяқталды

Жыл сайын мамыр айында су жағалауларыныӊ аумақтарын жинау мен балық шаруашылығы су айдындарын тастанды желілерден тазарту мақсатында "Таза су айдындары" табиғат қорғау акциясы өткізіледі

Астана. 1 маусым. Kazakhstan Today - Жыл сайын мамыр айында су жағалауларыныӊ аумақтарын жинау мен балық шаруашылығы су айдындарын тастанды желілерден тазарту мақсатында "Таза су айдындары" табиғат қорғау акциясы өткізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осы жылы акцияға орта-арнаулы және жоғарғы оқу орындарыныӊ студенттері, әкімдіктер, қоғамдық ұйымдар, су айдындарын жалдаушылар қатысты.

Өткізілген іс-шаралардыӊ қорытындысы бойынша республиканыӊ су айдындарынан 110 км астам қараусыз желілер табылып, 552 тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар алынды. Салыстыру үшін 2015 жылы

128,8 км желі қағып алынған болатын және 3850 тонна қоқыс тасып әкетілді.

ҚР АШМ Орман және жануарлар дүниесі комитеті акция қорытындысы бойынша акцияға қатысушыларды грамоталармен және алғыс хаттармен марапаттамақ.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны