08.02.2012, 09:57 3593

Қазақстанда тегін берілетін дәрі-дәрмектердің тізбесі кеңейтіледі

"2011 жылы вакциналар мен басқа да дәрілік заттарды сатып алуға арналған нысанды ағымдағы трансферттер аясында дәрілік қамтамасыз етуге 1,3 млрд. жуық теңге бөлінген болатын. 2012 жылы бұл көрсеткіш 3,7 млрд. теңгеге дейін артады, соған байланысты тегін берілетін дәрілік заттардың тізбесі кеңейтілмек", - деді Лариса Пак.

Астана. 8-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда тегін берілетін дәрі-дәрмектердің тізбесі кеңейтіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда азаматтарды дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз етуді қаржыландыру сомасы ұлғайтылуда, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лариса Пак Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында.

"2011 жылы вакциналар мен басқа да дәрілік заттарды сатып алуға арналған нысанды ағымдағы трансферттер аясында дәрілік қамтамасыз етуге 1,3 млрд. жуық теңге бөлінген болатын. 2012 жылы бұл көрсеткіш 3,7 млрд. теңгеге дейін артады, соған байланысты тегін берілетін дәрілік заттардың тізбесі кеңейтілмек", - деді Лариса Пак.

Қазақстандықтардың тегін дәрі-дәрмектермен стационарлық және амбулаторлық деңгейде қамтамасыз етілетінін атап көрсеткен маман, стацицонарлық деңгейде дәрілік заттардың бір дистрибьютер арқылы сатып алынатынын айтты.

"Саламатты Қазақстан" бағдарламасының аясында 2012 жылдан бастап аурудың жекелеген түрлері бойынша диспансерлік науқастар да амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз етілетін болады", - деп атап көрсетті Л.Пак.

Лариса Пактың айтуынша, тегін дәрілік заттардың тізбесіне орфандық (сирек кездесетін) ауруларға қарсы дәрі-дәрмектер кіріп отыр және онкогематологиялық, тромболитикалық препараттардың қатары кеңейтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны