02.09.2016, 07:55 3038

Қазақстанда тегін хабарландыру беретін алғашқы ауыл шаруашылығы порталы жасалды

"Біздіӊ басты мақсатымыз - Қазақстанға жаӊа технологиялар тарту, заманауи құрал-жабдықтар алып келу және соныӊ есебінен барынша сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін алу. Одан бөлек біздіӊ міндетіміз - өнім ысырап болмай, делдалдарсыз тікелей жеткізілуі үшін өндіруші мен тұтынушы арасында тікелей байланысты жолға қою болып табылады".

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда тегін хабарландыру беретін алғашқы ауыл шаруашылығы порталыныӊ құрылғаны жайында мәлім болды.

Сайттыӊ іске қосылуына арналған баспасөз мәслихатында "Agro.kz 2050" компаниясы өзініӊ жаӊа жобасы - Қазақстанныӊ ауыл шаруашылығы саласында жұмыспен қамтылған компаниялар мен жеке тұлғалар тегін хабарландыру беретін порталды таныстырды. Оныӊ негізгі миссиясы - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара әрекеттестікке арналған бірыӊғай алаӊ құру. Оған қоса, сайт жаӊа кәсіпкерлік бастамалардыӊ пайда болуына, бизнес-серіктестер іздестіруге ықпал ететін болады. Сондай-ақ, портал өӊдеуші сектор мен логистика қызметтерін де қамтиды.

"Біздіӊ басты мақсатымыз - Қазақстанға жаӊа технологиялар тарту, заманауи құрал-жабдықтар алып келу және соныӊ есебінен барынша сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін алу. Одан бөлек біздіӊ міндетіміз - өнім ысырап болмай, делдалдарсыз тікелей жеткізілуі үшін өндіруші мен тұтынушы арасында тікелей байланысты жолға қою болып табылады", - деді "ҚазАгро-Вет-Снаб" ЖШС бас директоры және портал иелерініӊ бірі Сержан Тастанбеков.

Сайтты жасаушылар Қазақстанныӊ аумағымен ғана шектеліп қалмай, аймақтыӊ барлық елдерін қамтуға ниеттеніп отыр. Алдағы жоспарда - бүкіл әлем бойынша тұтынушыларға ыӊғайлы, әлемдік нарыққа бағдарланған ақпарат тарату міндеті тұр.

Сайтты жасаушы Бейімбет Дәрібаевтыӊ айтуынша, 2017 жылдан бастап портал үш тілде, сондай-ақ мобильдік қосымша арқылы қолжетімді болады. Қазірдіӊ өзінде сайтта төрт бөлім бойынша хабарландыруларды тегін орналастыру мүмкіндігі бар: мал шаруашылығы, егіншілік, арнайы техника және логистика.

Жобаныӊ жетекшісі Фархад Нәлібаев ауыл шаруашылығы өнімдері саудасын біртіндеп онлайн-режімге көшіруге мүмкіндік беретін, тәулік бойы жұмыс істейтін форумды іске қосу жөніндегі жоспарлары жайында айтып берді. Оған қоса, 2017 жылдан бастап сайтта Қазақстанныӊ ауыл шаруашылығы саласындағы компанияларыныӊ базасы құрылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны