16.03.2010, 17:47 5218

Қазақстанда тексеру қорытындылары бойынша 44 стоматологиялық емхана мен 12 косметологиялық салонның қызметі уақытша тоқтатылды

Қазақстанда тексеру қорытындылары бойынша 44 стоматологиялық емхана мен 12 косметологиялық салонның қызметі уақытша тоқтатылды

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда тексеру қорытындылары бойынша 44 стоматологиялық емхана мен 12 косметологиялық салонның қызметі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер, ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасы Кеңес Оспановтың қатысуымен "Стоматологиялық емханаларын тексеру бойынша қорытындылары" атты баспасөз мәслихаты өтті.

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 15 қаңтардан бастап санитариялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуына республиканың стоматологиялық және косметологиялық ұйымдарына тексеру жүргізуді жалғастыруда",- делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының ақпаратына сәйкес республика бойынша 2029 стоматологиялық ұйым тіркелген, оның ішінде 1889 стоматологиялық ұйым нақты жұмыс істейді, 1869-ы (98,9%-ы) тексерілді.

"Тексерілген 1869 стоматологиялық ұйымның ішінде 677-інде (36,2%-ы) эпидемияға қарсы және дезинфекциялау-стерилдеу режимінің бұзылуы анықталды.

Тексеру барысында стоматологиялық ұйымдарда В және С вирусты гепатитінің маркеріне 7996 (78,3%-ы) қызметкер тексерілгені анықталған, В вирусты гепатитінің маркеріне оң зертханалық зерттеу нәтижелерімен 58 (0,7%) қызметкер және С вирусты гепатитінің маркеріне 43 (0,6%) қызметкер анықталған",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Стоматологиялық ұйымдардың 9567 (91,2%) қызметкері В вирусына қарсы егу қабылдады, делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тексерулер нәтижелері бойынша мынадай әкімшілік шаралар қолданылды: 864 санитариялық ұйғарым берілді, 981 айыппұл салынды, 244 қызметкер жұмыстан шеттетілді, 44 стоматологиялық нысанды пайдалану уақытша тоқтатылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұған қоса, барлығы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бақылауында тері және шырышты қабықтың бұзылуымен байланысты косметологиялық қызметтерді жүзеге асыратын 809 объекті бар. Тексерулерге 774 нысан (96%) қамтылды. 372 нысанда (46%) дезинфекциялау-стерильділік режимінің бұзылуы анықталды.

"Тексерулер нәтижелері бойынша мынадай әкімшілік шаралар қолданылды: сотқа 5 объектіге материалдар берілді, 12 объектіні пайдалану уақытша тоқтатылды, 437 айыппұл салынды, 123 адам жұмыстан шеттетілді, 388 ұйғарым берілді, 27 семинар өткізілді",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "одан әрі республиканың стоматологиялық және косметологиялық ұйымдарын ағымдағы жылғы қаңтардан бастап наурыз кезеңінде тексеру барысында берілген ұйғарымдардың орындалуын тексеру жүргізілетін болады. Ереже мен тәртіп бұзушылықты жою туралы ұйғарымды орындамаған республиканың стоматологиялық және косметологиялық ұйымдарына қатысты олардың қызметін сот тәртібімен тоқтата тұру не тыйым салу бойынша шаралар қабылданатын болады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны