06.06.2016, 19:10 4079

Қазақстанда террорлық қауіптіӊ "сары" жүйесі енгізілді

40 тәулікке дейін Қазақстанныӊ барлық аумағында террорлық қауіптіӊ "сары" түсі жарияланды

Астана. 6 маусым. Kazakhstan Today - 40 тәулікке дейін Қазақстанныӊ барлық аумағында террорлық қауіптіӊ "сары" түсі жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Республикалық терроризмге қарсы күрес оперативтік штабыныӊ жетекшісі - ҚР ҰҚК төрағасы генерал-лейтенант В.З.Жұмақанов халыққа террорлық актілердіӊ қауіпін ескерту және ақпараттандыру Ережесініӊ 4 тармағына сәйкес, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, БҚО, СҚО, ОҚО, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маӊғыстау, Павлодар облыстарында және Алматы мен Астана қалаларында 40 тәулікке дейін террорлық қауіптіӊ "сары" түсі жарияланды",- делінген ҚР ҰҚК таратқан хабарламада, деп хабарлайды Bnews.kz.

Осыған байланысты халықты жүргізіліп жатқан мемлекеттік органдардыӊ жұмысына түсіністікпен қарауға шақырады. Иесіз қалған заттарға (сөмке, қораптар, орамалар, қаптар, чемодандар және т.б..) назар аударуға, әсіресе, сым жалғанған техникалық құралғыларға көӊіл бөліп, көлікте, қоғамдық орындарда күдікті адамдарға назар аударуға шақырады. Күдікті заттарға жақындамай, бейтаныс адамдардан сәлем-сауқат алып, оны сақтауға алмауға кеӊес береді. Құқық қорғау органдары қызметкерлерініӊ іс-қимылдарына, құжат тексерулеріне түсіністікпен қарап, мейілінше көмек көрсетуге шақырады.

Ибігерлікке жол бермей тек ресми мемлекеттік органдардыӊ мәліметтерін басшылыққа алу керек.

Террорлық актлердіӊ дәрежесі қауіптіӊ деӊгейіне байланысты сары, сарғылт және қызыл түс болып үшке бөлінеді.

Сары түс - бірқалыпты жағдайды білдіреді. Бұл жағдайда алынған ақпараттардыӊ террорлық актіге қатысы бар жоғын анықтау кезінде енгізіледі.

Сарғылт түс - жоғары қауіпті жағдай. Бұл жағдай террорлық акті жасалатыны туралы нақты ақпарат бар кезде жарияланады.

Қызыл түс - аса қиын жағдай. Бұл жағдай террорлық әрекет бір немесе бірнеше рет жасалған және тағы қайталануы мүмкін екені туралы толық ақпарат бар жағдайда жарияланады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны