29.07.2015, 18:17 3519

Қазақстанда тиімді дәрі-дәрмектердіӊ әрбір азаматқа қолжетімді болуын қамтамасыз ететін Ұлттық дәрілік формуляр жасалуда

2015 жылдыӊ соӊына дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ мамандары әлеуметтік жағдайы мен табысыныӊ мөлшеріне қарамастан әрбір азаматқа дәрілік көмекті қолжетімді етуді қамтамасыз ететін, дәрілердіӊ шектеулі бағасы белгіленген Ұлттық дәрілік формулярды әзірлейді.

Астана. 29 Шілде. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ соӊына дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ мамандары әлеуметтік жағдайы мен табысыныӊ мөлшеріне қарамастан әрбір азаматқа дәрілік көмекті қолжетімді етуді қамтамасыз ететін, дәрілердіӊ шектеулі бағасы белгіленген Ұлттық дәрілік формулярды әзірлейді. Ұлттық дәрілік формулярға клиникалық тиімділігі дәлелденген дәрілер ғана енгізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Формулярды жасау кезінде фармакотерапияны жүргізу барысында алдыӊғы қатарлы тәжірибе мен дәлелдерге негізделген халықаралық тәсілдер қолданылмақ. Жоғарыда айтылған құжатты дайындау үшін әлемде үздік деп танылған Британ ұлттық дәрілік формулярын жасаушы Дункан Энрайт шақырылды. Одан басқа Ұлттық формулярды әзірлеуге Еуропаныӊ, Австралияныӊ еӊ уздік сарапшылары, сондай-ақ отандық мамандар қатысуда.

Ұлттық дәрілік формуляр Қазақстанда бірінші рет әзірленіп жатқанын атап өту керек.

Оны әзірлеу кезінде клиникалық және экономикалық тиімді, қауіпсіз дәрілік препараттарды тұтыну деӊгейін, әр ауруды емдеу курсыныӊ бағасын зерттеу бойынша мәліметтер қолданылады.

Ұлттық дәрілік формулярдыӊ жасалуы бәсекелестік ортаны кеӊейтуге ықпал етеді. Сондай-ақ, дәрілердіӊ қажеттілігін есептеуге және пациентке бағдарланған дәрі-дәрмекті сатып алуға мүмкіндік береді.

Дункан Энрайттыӊ пікірінше, Ұлттық дәрілік формуляр азаматтарға дәрілік заттардыӊ қолжетімділігін қамтамасыз етуге және оларды тиімді сатып алу есебінен бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретін бірегей құжат болмақ.

"Біздіӊ халықаралық сарапшылар командасы басқа да жобалар, соӊымен қатар осы тәрізді еӊ алғашқы ресурс - Британдық Ұлттық формуляр бойынша жұмыс жасаған болатын. Қазақстанныӊ Ұлттық дәрілік формуляры білімніӊ жаӊа ресурсын қамтамасыз етуді, формулярлық жүйені нығайтуды, сондай-ақ медициналық дәлелдерді пайдалануға жәрдемдесуді мақсат тұтатын тұӊғыш жаӊа формуляр", - дейді Дункан Энрайт.

Одан басқа, тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі шеӊберінде дәрілік заттарға шектеулі баға қалыптастыру жөнінде халықаралық тәжірибе негізінде жаӊа ережелер әзірленген болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны