29.10.2009, 14:45 3309

Қазақстанда тіркелген босқандардың басым бөлігі Ауғанстаннан келген

Қазақстанда тіркелген босқандардың басым бөлігі Ауғанстаннан келген

Астана. 29 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда тіркелген босқандардың басым бөлігі Ауғанстаннан келген. Бұл туралы бүгін Қазақстан парламентінің мәжілісінде көші-қон мәселесіне орай өткізілген халықаралық семинар барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдаймен Қазақстанда 527 босқын тіркелген, олардың басым бөлігі - 523 адам - Ауғанстан тумалары", - деді Т. Дүйсенова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Қазақстан өзіне жүктеп алған міндеттемелерге сәйкес босқындарды қабылдап алуға және оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны