22.07.2008, 11:09 1570

Қазақстанда тіркелген жұмыссыздар саны 1 жыл ішінде екі есеге азайған

Қазақстанда тіркелген жұмыссыздар саны 1 жыл ішінде екі есеге азайған

Астана. 22 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда тіркелген жұмыссыздар саны 2008 жылдың 1 шілдесінде 31,4 мың адамды құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 74,4 мың болған еді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Өткен жылмен салыстырғанда Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарынан және Астана қаласынан басқа өңірлердегі жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар саны айтарлықтай қысқарып отыр", - деп хабарлайды республикалық селекторлық кеңес қорытындысы бойынша жарияланған хабарламада. Кеңес барысында бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы шығарылып, ҚР президентінің ішкі саясат мәселелері жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру міндеттері белгіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны