02.04.2018, 16:09 3849

Қазақстанда тоғызыншы "Бүгінгі француз киносы" кинофестивалі болып өтеді

Кинофестиваль әдеттегідей көрерменге француз киносыныӊ еӊ үздік маржандарын ұсынып, таӊғажайып хикаялар мен француз актерлерініӊ тамаша ойындарын тамашалауға шақырады

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan Today - 12 және 15 сәуір аралығында Қазақстанда тоғызыншы "Бүгінгі француз киносы" кинофестивалі болып өтеді. Кинофестиваль әдеттегідей көрерменге француз киносыныӊ еӊ үздік маржандарын ұсынып, таӊғажайып хикаялар мен француз актерлерініӊ тамаша ойындарын тамашалауға шақырады.

Биылғы жылдыӊ бағдарламасына кірген фильмдер алуан түрлі жанрларды қамтиды: комедия, мелодрама, экшн және "Қысқа метр" бағдарламасы. Қазақстандықтар Джонни Холлидей соӊғы рөлін сомдаған, Оскар сыйлығыныӊ бірнеше мәрте иегері Клод Лелуштыӊ фильмін тамашалайды. Көрнекті актриса Изабель Юппердіӊ қатысуымен де жаӊа фильм болады. Сонымен қатар Люк Бессон продюсерлік еткен "Такси 5" фильмініӊ тұсауы кесіледі. Көпшілік күткен фильм әлемдік прокатқа 12 сәуір - фестивальдіӊ Алматыдағы ашылуы күні шығады.

Фестивальға фильмдерді түсіруші француз кинематографистері келгелі отыр. Фестивальдіӊ ашылуы мен жабылуы, сонымен қатар негізгі көрсетілімдері әдеттегідей UniFrance агенттігі және оныӊ басты әріптестері - Францияныӊ Қазақстандағы елшілігі мен Алматыдағы Француз альянсы ұйымдастырған фестивальдіӊ басты алаӊына айналған Алматыдағы "Арман" киноорталығында өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны