12.09.2011, 11:12 3464

Қазақстанда төлқұжатты ғаламтор арқылы рәсімдеуге болады

Бұл туралы Twitter арқылы ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев хабарлаған.

Астана. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда төлқұжатты ғаламтор арқылы рәсімдеуге болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Twitter арқылы ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев хабарлаған.

"Төлқұжаттар мен жеке куәліктерді онлайн-рәсімдеуді енгізу, оларды дәстүрлі форматтағы ұсынуда мерзімін қысқару шешілді", - деп жазды А.Жұмағалиев.

Оның айтуынша, мұндай шешім ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі мен ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен кеңесі барысында қабылданған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны