10.10.2012, 12:04 3272

Қазақстанда төртінші тоқсанындағы кедейшілік шеңбері анықталды

Қазақстанда 2012 жылдың төртінші тоқсанында кедейшілік шеңбері өткен тоқсанға есептелген ең төменгі өмір сүру шегінің 40% мөлшерінде айқындалды.

Астана. 10-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның Еңбек министрлігі 2012 жылдың төртінші тоқсанындағы кедейшілік шеңберін анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда 2012 жылдың төртінші тоқсанында кедейшілік шеңбері өткен тоқсанға есептелген ең төменгі өмір сүру шегінің 40% мөлшерінде айқындалды.

Тиісті бұйрыққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрнің міндетін атқарушы Гүлшара Ибдіқалықова қол қойды, делінген бүгін ресми басылымда.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді және 2012 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған қатынастарға пайдаланылады.

Қазақстанда төменгі өмір сүру шегінің мөлшері 18048 теңге.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны