02.12.2009, 15:34 3057

Қазақстанда төтенше жағдайларға жауап қатушы халықаралық қайырымдылық ұйымдардың қоймалары құрылуда - Божко

Қазақстанда төтенше жағдайларға жауап қатушы халықаралық қайырымдылық ұйымдардың қоймалары құрылуда - Божко

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанда төтенше жағдайларға жауап қатушы халықаралық қайырымдылық ұйымдардың қоймалары құрылуда. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.

В. Божконың айтуынша, Қазақстанда төтенше жағдайларға жауап қатуға арналған мемлекеттік материалдық қор сақталған қоймалар бар. "Қазір халықаралық қайырымдылық ұйымдардың қоймаларын құру мүмкіндіктері қаралып жатыр. Бұл ұйымдар бірқатар елдерде осындай қоймаларға ие", - деді ол.

Министрдің айтуынша, осы тектес қоймалар Тәжікстанда, Қырғызстанда бар, "оларда халықаралық көмектер жиналады, және қажет болған жағдайда ол кейін төтенше жағдайлар болған елдер мен аумақтарға қарай жіберіледі".

"Егер елімізде қандайбір оқиға болған жағдайда бұл қоймалардағы көмекті біз де пайдалана аламыз. Бұл кез-келген елге арналған", - деді В. Божко.

Оның айтуынша, әзірге бұл қоймаларды орналастыратын орын "анықталған жоқ". "Тиісті жұмыстар былтыр БҰҰ желісімен жүргізілген. Қазір біз төтенше жағдайларға жауап қату және қайырымдылық көмекті үйлестіру жөніндегі біртұтас орталықазиялық орталық құру мәселесін дәйектеу үстіндеміз және біз орынды әзірге айқындаған жоқпыз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны