19.11.2015, 11:49 3884

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану соӊғы 6 жылда 1,6 есеге төмендеді - А.Цой

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 6 жылдыӊ ішінде 1,6 есеге, өлім-жітім 2,6 есеге төмендеді, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой Астана қаласында өткен "Көші-қон және туберкулез: Орталық Азия елдерінде туберкулезді трансшекаралық бақылау" атты аймақтық кездесуде

Астана. 19 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 6 жылдыӊ ішінде 1,6 есеге, өлім-жітім 2,6 есеге төмендеді, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой Астана қаласында өткен "Көші-қон және туберкулез: Орталық Азия елдерінде туберкулезді трансшекаралық бақылау" атты аймақтық кездесуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Саламатты Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықтыӊ туберкулезбен сырқаттануын төмендетуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Елімізде аталған аурумен сырқаттану 6 жылдыӊ ішінде 1,6 есеге, оныӊ салдарынан туындайтын өлім-жітім 2,6 есеге төмендеді", - деді А.Цой, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Вице-министр әртүрлі сараптамалық бағалаулар бойынша Қазақстан жыл сайын 1 млн-ға дейін еӊбек мигранттарын қабылдайтынын, олардыӊ 15%-ы жұқпалы аурулармен, оныӊ ішінде туберкулез және АҚТҚ-мен ауыратынын мәлімдеді. Отандарына ауруы анықталған 10 адамныӊ көп дегенде біреуі ғана қайтарылады. Өзге мигранттар еліміздіӊ денсаулық сақтау жүйесіне өз ауыртпашылығын жүктеп отыр. Шамамен мигранттар ағыныныӊ үштен бір бөлігі 2 ірі қаланыӊ еншісінде: Алматы және Астана.

А.Цой Қазақстанда 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күрес бойынша кешендік жоспар жүзеге асырылып жатқандығын еске салып өтті. Аталған жоспарға мигранттар арасында туберкулезді емдеу мен алдын алу бойынша қызметтерді жетілдіру, жоғарғы деӊгейде кездесулерді ұйымдастыру арқылы аймақтық диалогқа бастамашылық ету шаралары кіреді.

ДСИДМ хабарлағандай, республикада туберкулезбен сырқаттанған мигранттарға туберкулезге қарсы көмек шаралары ДДСҰ Еуропалық Аймағындағы (2012 ж. Вольфхезедегі бәтуаластық мәлімдемесі) туберкулезді трансшекаралық бақылау мен емдеудіӊ еӊ төменгі пакетіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл - мигранттар арасындағы туберкулез бен көптеген әрі кеӊ көлемді дәрілерге тұрақтылығы бар туберкулезді диагностикалаудыӊ сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады. Шаралар ЖҚТБ, туберкулез, безгек ауруларымен күрес бойынша Жаһандық қор грантыныӊ шеӊберінде денсаулық сақтау саласында білім беру және қайырымдылық шараларын өткізумен айналысатын халықаралық үкіметтік емес "Project HOPE" (Проект ХОУП) гуманитарлық ұйымымен бірлесе отырып жүргізіледі.

ХОУП Жобасыныӊ ДДСҰ, көші-қон халықаралық ұйымы, Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары Халықаралық федерациясымен бірлесе отырып өткізілетін бағдарлама еліміздіӊ еӊбек мигранттары көп қоныстанған 7 аймағында жүзеге асырылады.

Кездесу аясында екі күнніӊ ішінде жұмыс топтарында және пленарлық отырыстарда жуық арадағы 12 айға жұмыс құралы болатын Ирекеттер жоспары (Жол картасы) талқыланатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны