06.02.2013, 11:09 3987

Қазақстанда тұман, көктайғақ, бұрқасын болады деп болжануда

Тек оңтүстік пен оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, деп хабарлады ТЖМ-нің баспасөз қызметінен Қазгидрометке сілтеме жасап.

Астана. 6-ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан аумағының көптеген бөлігі атмосфералық фронтальдық бөліктердің ықпалында болып, онымен бірге ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашындар өтіп, кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі байқалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Тек оңтүстік пен оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, деп хабарлады ТЖМ-нің баспасөз қызметінен Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Ақмола, Қызылорда облыстарында, түнде Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде тұман болады.

Алматы, Маңғыстау облыстарының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының кейбір жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде кейбір жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Атырау облысының кей аумақтарында тұман, көктайғақ болуы ықтимал, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Қарағанды облысының кейбір жерлерінде аздаған бұрқасын, тұман болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде бұрқасындатады.

Жақын тәулікте Оңтүстік Қазақстан облысындағы аласа таулы өзендерде су деңгейінің азаюы байқалады. Арыс өзенінде (Шәуілдір) өткен тасқынды су толқындарының жетуі есебінен су өтімдігі артады. Республиканың оңтүстік-шығыс және шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейінің ауытқуы күтіледі. Қазақстанның қалған сулы нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны