11.04.2016, 11:27 4146

Қазақстанда Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры құрылады

"Қазақстан Республикасы Президентініӊ 7 сәуірде қол қойған "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" жаӊа заӊды іске асыру аясында "Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы, "Қазақстанныӊ ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры" АҚ-ныӊ негізінде Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры құрылады", - делінген хабарламада

Астана. 11 сәуір. Kazakhstan Today - "Бәйтерек" холдингініӊ жанынан Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры құрылады, деп мәлімдеді ұлттық компанияда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Президентініӊ 7 сәуірде қол қойған "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" жаӊа заӊды іске асыру аясында "Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы, "Қазақстанныӊ ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры" АҚ-ныӊ негізінде Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры құрылады", - делінген хабарламада, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Жарғылық міндеттерге сәйкес Кепілдік беру қоры уәкілетті компания тұрғын үй құрылысы бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда үлескерлерге тұрғын үй құрылысыныӊ аяқталуы бойынша кепілдік береді.

Кепілдік беру қоры үлестік құрылыс қатысушыларына қаржылық тұрақтылық, тәжірибесініӊ болуы бойынша біліктілік талаптарын қояды және инжинрингтік компаниялар арқылы үлескерлердіӊ ақшасыныӊ мақсатты пайдалануына бақылау орнату механизмін енгізеді, сондай-ақ тәуекел-менеджментініӊ үздік тәжірибелерін қолданатын болады.

Бұдан басқа, Қор мақсатты бағыты - кепілдік жағдайды реттеумен байланысты шығындарды өтеу болатын кепілдік жарналар арқылы арнайы қорды қалыптастырады. Кепілдік жағдайы туындаған кезде, Қордыӊ аяқталмаған құрылыс нысанын аяқтау бойынша міндеттемесі туындайды.

Кепілдік жағдайлардыӊ тізіміне: тұрғын ғимаратты пайдалануға беру мерзімдерін бұзу; ақшаны мақсатсыз пайдалану; заӊды күшіне енген сот шешімімен белгіленген құрылыс салушыныӊ дәрменсіздігі кіреді.

"Кепілдендірілген тұрғын құрылысты енгізу механизмі "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық дамыту мемлекеттік бағдарламасыныӊ 2015-2019 жылдары іске асырылуына септігін тигізеді, дәлірек айтқанда: құрылыс саласындағы қауіптердіӊ азаюын қамтамасыз етеді, тұрғындар үшін тұрғын үйдіӊ қолжетімділігін арттырады, тұрғын құрылыс қарқындарыныӊ өсуіне септігін тигізеді", - деп баса айтты ұлттық холдингте.

Бұған дейінгі қабылданған заӊ қойылған міндеттерді орындамаған еді. Оныӊ негізгі кемшілігі - үлескерлердіӊ қаражаты құрылыстыӊ аяқталуына дейін пайдаланыла алмайтын, бұл тиімсіз механизм және нәтижесінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында 2010 жылдан бері үлескерлердіӊ қаражатын тартуға тек 1 лицензия берілген. Осыған байланысты үлескерлік жарналарды кепілдендірудіӊ жаӊа механизмін енгізу қажеттілігі туындады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны