17.04.2007, 12:52 3358

Қазақстанда тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді

АСТАНА. 17 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанда тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне республикамыздың индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық ісі жөніндегі комитеттен хабарлады.

"Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2008 жылы пайдалануға берілетін тұрғын үй 8,3 млн шаршы метрді, 2009 жылы - 8,9 млн, 2010 жылы - 9,7 млн шаршы метрді құрайды деп күтілуде. Осы жылдары қаржыландырудың барлық көздері бойынша 236 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі",- деп атап өтті комитеттегілер.

"Бағдарламада азаматтарға коммуналдық қаржы есебінен беріліп отырған коммуналдық тұрғын үй құрылысын салу тәжірибесінен бас тарту қарастырылады. Оның орнына мемлекет есебінен және жеке инвестиция есебінен жалға берілетін үйлер салу қарастырылған",- деп атап көрсетілген комитеттің хабарламасында. "Жалға берілетін үйлерді салуға жеке инвесторларды тарту мақсатында салық преференциясы белгіленді: жалға берілетін үйлерді жалға беруге қатысты қызмет көрсетуге байланысты айналымнан қосымша құнға салынатын салықтан босату, жалға берілетін үйлерді салуға берілген жер телімдеріне салынатын салықтан босату көзделген",-деп атап көрсетті комитеттегілер.

Сонымен қатар, бұзуға жататын апаттық жағдайдағы көп пәтерлі үйлерден азаматтарды көшіруге арналған тұрғын үй салу, сонымен қатар инженерлік желілер мен коммуникацияны жаңарту және оларға жөндеу жұмыстарын жүргізу Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарында бірінші рет қарастырылып отыр.

Аталмыш бағдарлама шеңберінде Астанада бюджеттік саладағы жұмысшыларға арналған 10 мың пәтер және де Алматы мен облыстарда денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері үшін 10,7 мың пәтер салынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны