30.05.2013, 11:19 8325

Қазақстанда түрлі ережелерді бұзғаны үшін тағы да 9 техникалық байқау орталығы жабылды

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда 2013 жылғы 17 сәуірден бастап автокөлік құралын техникалық байқаудан өткізу тәртібін бұзғаны үшін 9 техникалық байқау орталығы тізілімнен шығарылды.

Астана. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда түрлі ережелерді бұзғаны үшін тағы да 9 техникалық байқау орталығы жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда 2013 жылғы 17 сәуірден бастап автокөлік құралын техникалық байқаудан өткізу тәртібін бұзғаны үшін 9 техникалық байқау орталығы тізілімнен шығарылды.

"2013 жылғы 17 сәуірден бастап автокөлік құралын техникалық байқаудан өткізу тәртібін бұзғаны үшін 9 техникалық байқау орталығы тізілімнен шығарылды. Анықталған бұзушылықтар қатарында негізінен автомобильдің техникалық жағдайына сәйкес келмейтін параметрлер көрсетілген диагностикалық карточкалардың берілуі және міндетті техникалық байқаудан өту мерзімінің кестесін бұзу фактілері кездеседі", - делінген хабарламада.

Осылайша, ұқсас бұзушылықтарға жол бергені үшін ағымдағы жылдың басынан бері 17 техникалық байқау орталығы тізілімнен шығарылған болатын.

Ирі қарай, Комитет ТБО-ға жүйелі түрде тексерулер жүргізуді жоспарлап отыр. Бұзушылықтар анықталған жағдайда орталықтарға айыппұл салынатын болады, ал бұзушылықтар қайталанған жағдайда олар аталған қызметпен айналысу құқығынан айырылады.

Бұдан өзге, Икімшілік құқық бұзушылық жөніндегі ҚР Кодексіне толықтырулар енгізу арқылы ТБО-лардың міндетті техникалық тексеру жүргізу барысында жіберген бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту көзделгенін жеткізді.

Бүгінгі күні Қазақстанда барлығы 336 ТБО және 685 техникалық байқау желісі жұмыс істейді, оның 387 стационарлық, 298 мобильдік.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны