25.07.2018, 23:38 4193

Қазақстанда түсір3лген "Өзен" көркем фильмі Халықаралық Венеция кинофестивалініӊ "Көкжиектер" атты бағдарламасына іріктеліп алынды

Былтыр режиссер Эмир Байғазинніӊ есімі "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында жалпыхалықтық онлайн-дауыс беру арқылы құрастырылған "Қазақстанныӊ 100 жаӊа есімі" тізіміне кірген.

Алматы. 25 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан режиссері және сценарисі Эмир Байғазин түсірген "Өзен" ("Река") көркем фильмі Халықаралық Венеция кинофестивалініӊ "Көкжиектер" (Горизонты) атты бағдарламасына іріктеліп алынды. Бұл конкурстық бағдарламада кинематография саласы дамуыныӊ жаӊа тенденцияларын ұсынатын көркем және деректі фильмдер көрсетіледі. "Өзен" фильмініӊ осы бағдарламаға қатысатыны туралы бүгін Венеция кинофестивалініӊ арнайы баспасөз отырысында белгілі болды.

"Өзен" фильмі Аслан туралы түсірілген трилогияныӊ соӊғы бөлімі. Оныӊ алдында түсірілген "Асланныӊ сабақтары" ("Уроки гармонии") және "Төрт оқиға" ("Раненый ангел") фильмдері 2013 және 2016 жылдары Халықаралық Берлин кинофестивалініӊ негізгі бағдарламасында көрсетілген болатын.

"Өзен" фильмі өркениеттен алыс жерде тұратын, қаладан келген қонақтан кейін өмірлері күрт өзгере бастаған бес ағайынды туралы баяндайды. Фильмніӊ түсіру жұмыстары Оӊтүстік Қазақстан облысында жүргізілді. Картинада басты рөлдерді Қазақстанныӊ түкпір-түкпірінен жиналған кәсіби сауаты жоқ актерлер сомдады. Айта кетсек, бұл картинада Эмир Байғазин қоюшы оператор және бас продюсер қызметін атқарған.

"Екі жыл ішінде фильм түсірілімі барысы туралы ешқандай да ақпаратпен бөліспеген едік, енді міне көрерменге ұсына алатынызға қуаныштымыз", деді Эмир Байғазин.

Фильмніӊ жарыққа шығуына бірнеше мемлекеттер атсалысты, олар: Қазақстан (ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, Emir Baigazin Production), Норвегия (Norsk Filmproduksjon) және Польша (Madants). Айта кетсек, бұл туынды сценарий кезінде MPA APSA Азия-Тынықмұхиттық киноассоциациясы грантыныӊ қолдауына ие болды. 2017 жылы маусым айында бұл жоба алғаш рет Карловы Вары Халықаралық кинофестивалініӊ кинонарығында танысытырылып, ол жылы қыркүйекте киножоба Варшава халықаралық кинофестивалі кинонарығында Pitch and Meet жобалар байқауында бірінші орынды иеленген болатын. Картинаныӊ пост жұмыстары 2018 жылы жаз айында Польша кинематография институтыныӊ қаржылай көмегімен Варшавадағы Orka және Dreamsound студияларында жүргізілді.

Мерейтойлық Халықаралық Венеция кинофестивалі 2018 жылы 29 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Былтыр режиссер Эмир Байғазинніӊ есімі "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында жалпыхалықтық онлайн-дауыс беру арқылы құрастырылған "Қазақстанныӊ 100 жаӊа есімі" тізіміне кірген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны