06.06.2013, 14:18 5027

Қазақстанда тұтынушы шағымдарының 40%-дан астамы азық-түлік сапасына қатысты

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін Астанада өтіп жатқан ТМД елдерінің тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің кезекті төртінші отырысында ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Илиақпар Мәтішев осындай мәлімет келтірді.

Астана. 6-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда тұтынушы шағымдарының 40%-дан астамы азық-түлік сапасына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін Астанада өтіп жатқан ТМД елдерінің тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің кезекті төртінші отырысында ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Илиақпар Мәтішев осындай мәлімет келтірді.

"Шағымдардың дені жерлестеріміздің көпшілігінің азық-түлік және тағамдық емес өнімдердің сапасына көңілдері толмайтындарын көрсетеді. Бұл көрсеткіш 40 пайыздан асып жығылады. Екінші орында - туризм, көлік және жолаушылар саласындағы қызметтердің сапасына қатысты түсетін арыз-шағымдар. Олардың үлесі 30 пайыз шамасында. Үшінші орында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы шағымдар. Оларды коммуналдық қызметтер көрсететін су, жылу, электр энергиясының сапасына айтылған арыздарға бөлеміз", - деген деректерді алға тартты агенттік төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар азаматтар пайдалануға беріліп жатқан баспананың сапасына да шағымданады. Осыған қоса фармацевтикалық және медициналық салада да тұтынушылардың құқығы аз бұзылмайды.

"Агенттік осы нарықта арнайы талдау жүргізген. Нәтижесінде дәрі-дәрмек бағасының көтерілгені анықталды. Қазақстандағы дәрі-дәрмек құны ТМД елдеріндегі бағамен салыстырғанда жоғары. Осы ретте Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп дәрі- дәрмек бағасына мемлекеттік реттеу жүргізу бойынша ұсыныстар әзірледік. Оны Үкімет қабылдады" - деп толықтырды Илиақпар Мәтішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны