06.06.2011, 13:18 4348

Қазақстанда ҰБТ алып тастауды ұсынуда

"Еліміздегі халықтың басым көпшiлiгi Бiрыңғай ұлттық тестілеуге қарсы. Біз интернетте тиісті сұрау жүргіздік. Барлығы дерлік тестілеуді ойлауға мүмкіндік беретін қалыпты емтиханмен ауыстыру керек есептейді", - деді А. Тюменцов.

Алматы. 6 - маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда ҰБТ алып тастауды ұсынуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауыша, "Қазақстан коммунистері" қоғамдық қозғалысы Бiрыңғай ұлттық тестілеуді тоқтатып, кәдімгі емтихан енгізуді талап етуде. Бұл туралы "BNews.kz" АА тілшісіне "Қазақстан коммунистері" қоғамдық қозғалысы өкілі, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Александр Тюменцов хабарлаған.

"Еліміздегі халықтың басым көпшiлiгi Бiрыңғай ұлттық тестілеуге қарсы. Біз интернетте тиісті сұрау жүргіздік. Барлығы дерлік тестілеуді ойлауға мүмкіндік беретін қалыпты емтиханмен ауыстыру керек есептейді", - деді А. Тюменцов.

"Бүкіл әлем бұл жүйеден бас тартып жатыр. Ол сенімнен айырылды. Ал бізде ҰБТ енді ғана қарқын ала бастады. Біз тестілеу бүкіл білім беру жүйесіне зиян келтіріп жатқанын ел алдында мәлімдеп отырмыз. Бiлiм министрлiгiне хат жiбердiк. Егер ҰБТ-ны тоқтатпасақ, онда бiрнеше жылдан кейiн бiз ешкім ойланбайтын қоғамға тап боламыз", -деп толықтырды ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны