09.06.2015, 14:21 6152

Қазақстанда ҰБТ орташа 79,4 балмен аяқталды - ҚР БҒМ

Қазақстанда өткен Ұлттық бірыӊғай тестілеудіӊ қорытынды орташа нәтижесі максималды 125-балдық көрсеткіш бойынша 79,4 балды құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,5%-ға жоғары, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінде

Астана. 09 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда өткен Ұлттық бірыӊғай тестілеудіӊ қорытынды орташа нәтижесі максималды 125-балдық көрсеткіш бойынша 79,4 балды құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,5%-ға жоғары, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2015 жылғы 2-ші маусым мен 8 маусым аралығында өткізілген ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл - 79,4 болды, яғни 2014 жылмен салыстырғанда (76,9) 2,5%-ға жоғары", - делінген хабарламада, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Сондай-ақ, ведомствоныӊ мәліметінше, биыл 100 балдан жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар саны 2,4 %-ға өсті, олар - 14 420 (17,4 %) болды. 2014 жылы олардыӊ саны 13 137 (15%) болған. 50 балдық шеткі деӊгейлік балды жинаған түлектер саны 4,5%-ға көбейді, яғни 67 497 оқушы (81,4%), ал 2014 жылы олардыӊ саны 67357 (76,9%) болды.

ҰБТ қорытындысы бойынша еӊ жоғары 125 балды 5 оқушы алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны