11.04.2013, 14:59 3650

Қазақстанда ҰБТ тапсырмаларның логикалық базасы жаңартылды

Қазақстанда бүгінгі таңда Бірыңғай ұлттық тестілеудің математика бойынша және жекелеп алғанда - тілдік пәндер бойынша логикалық сипаттағы сұрақтар базасы толығымен жаңартылды, деп хабарлады Рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитеттің төрағасы Серік Ерсалиев.

Астана. 11-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда ҰБТ тапсырмаларның логикалық базасы жаңартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда бүгінгі таңда Бірыңғай ұлттық тестілеудің математика бойынша және жекелеп алғанда - тілдік пәндер бойынша логикалық сипаттағы сұрақтар базасы толығымен жаңартылды, деп хабарлады Рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитеттің төрағасы Серік Ерсалиев.

"Екі зертхана құрылған болатын, олар қазір логикалық тесттер бойынша жұмыс жасап жатыр. Бұл екі топ Тестілеу орталығында жұмыс жасауда. Бүгінде математика бойынша тестілердің мәліметтер базасы жасалған, филология бойынша, яғни тілдік пәндер бойынша жасалып жатыр", - деді С.Ерсалиев.

Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда жаңа буын тесттерін құруға шамамен 30 маман тартылғанын атап өтті.

Комитет басшысыатап өткендей, аталған мамандар тестілік тапсырмаларды жасау бойынша әлемдегі мықты сарапшылармен бірге үш жыл бойы өз кәсібиліліктерін арттырған.

"Төрт жылдан астам уақыт бұрын біз Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, балалардың жалпы қабілеттерін анықтауға бағытталған жаңа буын тестілерін жасау бойынша жобаны жүзеге асырдық. Бұл тестілерді шешу үшін тек жақсы академиялық білім ғана емес, сонымен қатар оқушылардың талдау бейімділігін дамыту қажет", - деп атап өтті Білім және ғылым министрлігінің өкілі.

Бүгінгі таңда тесттік тапсырмалар базасы ержелерге сәйкес 35%-ға жаңартылған. Жалпы алғанда, тестология бойынша арнайы оқытудан өткен республикамыздың шамамен 200 педагогы аталған тапсырмаларды қалыптастырады.

Бұдан өзге, С.Ерсалиевтің айтуынша, тесттік тапсырмаларды қосымша реттеу үшін тәжірибелі педагогтардан сарапшылар тобы құрылған.

"Осылайша, сұрақтар ҰБТ базасына түспей тұрып, әр тапсырма екі немесе үш еселік сүзгіден өтеді", - деп қортындылады Серік Ерсалиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны