09.01.2015, 13:09 10933

Қазақстанда ҮИИД МБ үшін маман дайындауға 10 млрд теӊге бөлінді

Қазақстанда ҮИИД МБ үшін маман дайындауға 10 млрд теӊге бөлінді, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев.

Астана. 9 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Қазақстан халқына "Нұрлы Жол" Жолдауында Мемлекет басшысы біздіӊ алдымызға ҮИИД МБ үшін маман дайындау тапсырмасын жүктеген еді. Ондағы мақсат ғылым мен маман дайындау жұмыстарын бірге атқару. Елдегі 10 ЖОО-ға алдағы 3 жыл үшін 10 млрд теӊге бөлінді. Біздіӊ ойымызша, бұл ғылымды дамыту мен жоғары оқу орындарын дамыту үшін айтарлықтай үлкен инвестиция", - дейді Т.Балықбаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Вице-министрдіӊ айтуынша, Астанадағы "Назарбаев университеті" базасында бизнес-кампус құрылып, онда геологиялық, ақпараттық-технологиялық, медициналық және өзге де кластерлер жұмыс істемек. Олар ғылыми жаӊалықтар ашумен айналыспақ, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Біз қазір ғалымдар бизнеспен бірлесіп нақты ғылыми зерттеулер жасауы үшін тәжірибелік-құрастыру жұмыстарын қаржыландыру көлемін ұлғайтуды көздеп отырмыз", - дейді министр орынбасары.

Оныӊ айтуынша, ғылыми жұмыстар санын арттыру үшін министрлік жаӊа гранттық бағдарламалар ұсынбақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны