15.10.2012, 14:43 3158

Қазақстанда ұялы байланыс пен интернет тарифі төмендейді

Интерфакс-Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасы Ғабидолла Ибдірахымов қараша айында ұялы байланыс және интернет операторлары бағаны айтарлықтай төмендетеді деп мәлімдеген.

Астана. 15-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда ұялы байланыс пен интернет тарифі төмендейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс-Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасы Ғабидолла Ибдірахымов қараша айында ұялы байланыс және интернет операторлары бағаны айтарлықтай төмендетеді деп мәлімдеген.

Дүйсенбі күні мәжілісте өткен "үкімет сағатында" ол депутаттардың сұрағына: "Біз интернет бағасын төмендету үшін "Қазақтелекомды" да, өзге операторларды да доминант компаниялар тізіміне енгіздік. Бірақ олар бізді сотқа берді, қазір біз соттасып жатырмыз. Процесс аяқталуға жақын, ол бір айда аяқталады деп ойлаймын. Біз қараша айында Көлік және коммуникация министрлігі интернет пен ұялы байланыстың жаңа тарифін бекітеді деп үміттенеміз (...). Биылғы күзде баға айтарлықтай төмендейді деген болжамымыз бар", - деп жауап берді.

Сонымен қатар, "Қазақтелеком" интернет қызметін төмендетіп қана қоймай, оның жылдамдығын екі есе арттыруға уәде беріп отыр, деді БҚА басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны