08.05.2012, 17:44 2900

Қазақстанда үйлеріне АЖҚ орнатылған тұрғындар 35-40% жылу энергиясын үнемдеген

"Өткен жылдың жылу беру маусымының қорытындысы бойынша, жөндеу жүргізілген үйлерге жөндеу жүргізілгенше және одан кейінгі жылуды пайдалануына талдау жүргізілді.

Астана. 8-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда он төрт үйге автоматтандырылған жылу қосыны орнатылып, онда 35-40% жылу қуаты үнемделген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық мәжіліс барысында ҚР ТҚШ және құрылыс істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

"Өткен жылдың жылу беру маусымының қорытындысы бойынша, жөндеу жүргізілген үйлерге жөндеу жүргізілгенше және одан кейінгі жылуды пайдалануына талдау жүргізілді.

Мәселен, Ақтөбе қаласындағы Лачугин көшесі, 5 мекенжайындағы үйдің жылуға төлеген ақшасын есептеген кезде жылуды үнемдеуі 35%-ды құрағандығы анықталды. Тургенев көшесіндегі 100/5, үйдің тұрғындары да кешенді жөндеу жұмыстарына келісімін беріп, нәтижесінде төлем кезінде 40% дейін жылу үнемдегені белгілі болып отыр. Мұндай жағдайлар автоматты жылу қосыны мен есептеу қондырғысы орнатылған еліміздің басқа да аймақтарында көптеп саналады", - деді Нокин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны