30.06.2018, 01:11 4240

Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыға конкурс жарияланды

Аталған Заӊныӊ қабылдануы сыйлықақы алуға ұсынылатын үкіметтік емес ұйымдардыӊ мүмкіндігін кеӊейтеді. Бұрын ҮЕҰ сыйлықақы алу үшін жыл сайынғы конкурсқа бір рет қатысып, одан кейін үш жыл ішінде конкурсқа қатыса алмайтын. Заӊ қабылданғаннан кейін өткен жылы сыйлықақы алуға ұсынылған, бірақ жеӊімпаз болып табылмаған үкіметтік емес ұйымдар келесі жылдары да сыйлықақы алуға үміткер бола алады.

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақығаконкурс жариялады. Өтініштер ағымдағы жылдыӊ 1 шілдесінен бастап қабылданады.

Сыйлықақы әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосқанүкіметтік емес ұйымдарға 15 бағыт бойынша беріледі.

Конкурсқа Қазақстан Республикасыныӊ аумағында тіркелген және ҮЕҰ деректер базасына мәліметтерін уақытылы тапсырып отыратын үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады. Бір үкіметтік емес ұйым бір мезетте бірнеше номинация бойынша сыйлықақыға үміткер бола алмайды.Сыйлықақыға бір мәрте ие болған үкіметтік емес ұйым үш жыл ішінде конкурсқа екінші рет қатыса алмайды.

Үкіметтік емес ұйымдардыӊ байқауға қатысу туралы өтініштері ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ Азаматтық қоғам істері комитетіне жіберілуі тиіс. Байқауға қатысу үшін өтініш және сауалнама нысаны, сыйлықақыға үміткер ұйымныӊ қызметініӊ сипаттамасы, қоғамдастық өкілдерініӊ ұсынымдары (ҮЕҰ) және (немесе) мемлекеттік органдардыӊ ұсынымдары, үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттарыныӊ және куәлiгiніӊ (анықтаманыӊ) көшірмелері, банк шотыныӊ болуы туралы анықтама (түпнұсқа) болуы керек. Құжаттар 2018 жылдыӊ 1 шілдесінен бастап 1 қыркүйекке дейін қабылданады.

Айта кетейік, ағымдағы жылғы 13 маусымда Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардыӊ қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊына қол қойған болатын.

Аталған Заӊныӊ қабылдануы сыйлықақы алуға ұсынылатын үкіметтік емес ұйымдардыӊ мүмкіндігін кеӊейтеді. Бұрын ҮЕҰ сыйлықақы алу үшін жыл сайынғы конкурсқа бір рет қатысып, одан кейін үш жыл ішінде конкурсқа қатыса алмайтын. Заӊ қабылданғаннан кейін өткен жылы сыйлықақы алуға ұсынылған, бірақ жеӊімпаз болып табылмаған үкіметтік емес ұйымдар келесі жылдары да сыйлықақы алуға үміткер бола алады.

Толық ақпаратты министрліктіӊ www.diakom.gov.kz ресми сайты арқылы немесе +7 (7172) 74-05-11, 74-09-97 телефондары арқылы білуге болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны