04.06.2009, 12:01 1864

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Астана. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Астанада ҰБТ өткізу пункттерінде болды.

Биылғы жылы ҰБТ-ға қатысуға 108 672 түлек өтініш білдірген. Бұл мектеп бітірушілердің жалпы санының 82% пайызы. Астана қаласында 3 234 түлек ҰБТ тапсырады. Олардың 1 287 мемлекеттік тілде және 1 947 орыс тілінде тапсырады. Биыл республика бойынша "Алтын белгіге" үміткерлер саны - 2 939 болса, оның 130-ы Астана қаласынан.

Биылғы жылы ұлттық бірыңғай тестілеу 5 пән негізінде маусымның 4-і мен 10-ы аралығында еліміздегі 154 тестілеу пунктінде (49 ЖОО және 105 мектепте) өтеді. Жалпы тест тапсырмаларының саны - 125. Тестілеу уақыты 30 минутқа ұзартылды. 2009 жылы ҰБТ-ны өткізуге 3,5 астрономиялық сағат, яғни 210 минут бөлінеді. Тест тапсырушылардың әр лектегі саны екі есеге төмендеді, сондықтан өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ 2 күнге ұзартылды.

ҰБТ-ны өткізудің белгіленген тәртібімен оның технологиясының сақталуын, тестілеу жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыру үшін Ұлттық тестілеу орталығында мемлекеттік құпияларды сақтауға арналған арнайы бөлім жұмыс істейді.

Тестілеу кезіндегі тәртіпті сақтау үшін Білім және ғылым министрлігі және Ұлттық қауіпсізідік комитеті тараптарынан штабтар құрылады.

Білім және ғылым министрлігі штабтары Астана, Алматы және Шымкент қалаларында құрылды. Министрліктің арнайы өкілдері барлық облыс орталықтарына жіберілді.

ҰБТ тапсыру пункттерінде аппеляциялық комиссиялар жұмыс істейді. 2009 жылы апелляциялық комиссия тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша талап-тілектерді тестілеу нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылдайды және тәулік бойы қарастырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны