04.06.2015, 16:32 5061

Қазақстанда Ұлттық Бірыӊғай тестілеуді тапсыру жалғасуда

Ұлттық Бірыӊғай тестілеу 2015 жылы 2-ші маусымнан басталды. ҰБТ-ныӊ бірінші күні 48 бекетте өткізілді, емтиханға 19 743 өтініш бергендердіӊ ішінен (95,5 %) 18 889 түлек қатысты.

Астана. 04 Маусым. Kazakhstan Today - Ұлттық Бірыӊғай тестілеу 2015 жылы 2-ші маусымнан басталды. ҰБТ-ныӊ бірінші күні 48 бекетте өткізілді, емтиханға 19 743 өтініш бергендердіӊ ішінен (95,5 %) 18 889 түлек қатысты.

ҰБТ-ныӊ орта балы өткен жылмен салыстырғанда ұлғайғандығын көрсетеді. 2015 жылы орта бал 79,7 көрсетсе, 2014 жылы 76,8 болды. 2014 жылы 3 409 өткен жылғы оқушалыр 100 балдан жоғары алса (18,1%), бүгінгі күні бұл көрсеткіш 3,6%-ға өскендігін көрсетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

125 сұрақтыӊ толық барлығына дұрыс жауап берген - Тараз қаласыныӊ №45 қазақ классикалық гимназия түлегі Гульназ Ердосова

Екінші күні, ҰБТ 59 бекетте өтті. Тестілеуге 19 326 өтініш бергендерден (94 %) 18 177 түлек қатысты. Статистикаға сәйкес, орта балдыӊ нәтижесі өткен жылғымен салыстырғанда жоғарылады: егер 2014 жылы оныӊ нәтижесі 76,9 болса, 2015 жылы 80,5 болды. 100 балдан жоғары нәтижені 3 211 оқушы алды (17,7%), яғни өткен жылғы нәтижеден 6,1% өскендігін көрсетеді.

125 балды Астана қаласыныӊ №59 мектеп-гимназиясыныӊ түлегі Риана Мустафина алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны