27.06.2012, 17:33 4968

Қазақстанда Ұлттық денсаулық сақтау палатасы құрылды

Жаңа құрылым "Атамекен" Одағы" Ұлттық экономикалық палатасы жанынан құрылып, денсаулық сақтау саласында қызмет етіп жүрген 200-ден астам қоғамдық ұйымды біріктіреді. Денсаулық сақтау ұлттық палатасының президенті болып медициналық ғылымдар докторы, профессор, АҚТБ/ЖҚТБ, көкжөтел және безгекке қарсы күрес бойынша Ғаламдық қордың мүшесі Мақсұт Құлжанов сайланды.

Астана. 27-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда Ұлттық денсаулық сақтау палатасы құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жаңа құрылым "Атамекен" Одағы" Ұлттық экономикалық палатасы жанынан құрылып, денсаулық сақтау саласында қызмет етіп жүрген 200-ден астам қоғамдық ұйымды біріктіреді. Денсаулық сақтау ұлттық палатасының президенті болып медициналық ғылымдар докторы, профессор, АҚТБ/ЖҚТБ, көкжөтел және безгекке қарсы күрес бойынша Ғаламдық қордың мүшесі Мақсұт Құлжанов сайланды.

Денсаулық сақтау ұлттық палатасы денсаулық сақтаудағы өзекті проблемаларды шешу және медициналық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдармен өзара әрекет ететін болады. Бұдан басқа, палата мүшелері жобалардың сараптамасына және тәуелсіз сараптаманы өткізуге, құқықтық және ақпараттық қолдау көрсетуге, сондай-ақ өзге де көптеген мәселелерге қатысатын болады.

Жұма, 29 маусым күні ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Денсаулық сақтау ұлттық палатасы арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қою жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны