10.01.2013, 13:20 6170

Қазақстанда ұлттық допингке қарсы орталық құрылады

Үкімет спорт және дене шынықтыру мәдениеті істері жөніндегі мемлекеттік агенттіг жанынан "Ұлттық допингке қарсы орталық" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы шешім қабылдады.

Астана. 10-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда ұлттық допингке қарсы орталық құрылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үкімет спорт және дене шынықтыру мәдениеті істері жөніндегі мемлекеттік агенттіг жанынан "Ұлттық допингке қарсы орталық" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы шешім қабылдады.

Үкімет басшысы Серік Ахметов 28 желтоқсанда қол қойған тиісті қаулы Иділет министрлігінің заңдық және нормативтік актілердің электронды деректер қорында орналасқан.

Ұлттық допингке қарсы орталық спорттағы допингке қарсы шаралар өткізуді бақылаумен қамтамасыз ету үшін құрылады.

Мекеменің құзырлы органы ретінде Спорт және дене шынықтыру мәдениеті істері жөніндегі агенттік айқындалған.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны