20.11.2012, 13:21 2947

Қазақстанда Ұлттық студенттер кеңесі құрылды

Бүгін Қазақстан студенттерінің І Ұлттық слеті өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 1000-нан астам студент келді.

Астана. 20-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда Ұлттық студенттер кеңесі құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Қазақстан студенттерінің І Ұлттық слеті өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 1000-нан астам студент келді.

Сонымен бірге жастар ұйымдарының көшбасшылары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары қатысты. Іс-шара Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінде өтті. Слет барысында ел тарихында тұңғыш рет Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық студенттік кеңес құрылып, өз жұмысын бастады. Осылайша, студенттердің өзекті проблемаларын кең ауқымда талқылап, көптеген түйткілдерді шешуге мүмкіндік тумақ дейді жастар. Оған қоса кеңес жұмысы жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталатын болады. Жалпы слет барысында 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясаты туралы Тұжырымдаманың жобасы, Ұлттық студенттік Кеңестің ережесі сияқты маңызды мәселелер ортаға салынды.

"Мұндай ұйымдар әсіресе жастардың студенттік ұйымдары бізге осы жастардың пікірін нақты білуге, идеяларымен танысуға, берген ұсыныстарын іске асыруға көп пайдасын тигізеді ғой деп ойлаймын. Мысалы қазір Елбасының тапсырмасына сәйкес біз жаңа заң жасауымыз керек, келесі жылдың жартысына дейін. Бірақ ол заң сапалы болуы үшін біз студенттердің пікірін білуіміз керек", деп мәлім етті ҚР Білім және Ғылым вице-министрі Мұрат Ибенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны