20.03.2007, 16:41 3239

Қазақстанда ұлттық жоғарғы оқу орындарында жекелеген білім беру бағдарламаларына халықарылық аккредитация жүргізу жоспарлануда

АСТАНА. 20-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2008-2009 жылдары ұлттық жоғарғы оқу орындарында жекелеген білім беру бағдарламаларына халықарылық аккредитация жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мекеме басшысы Жансейіт Түймебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Министр атап өткендей, халықаралық аккредитация бес ұлттық жоғарғы оқу орындарынды, атап айтқанда Ил-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Қазақ ұлттық аграрлық университетінде жүргізіледі.

Ж. Түймебаевтың сөздеріне сүйенсек, 2008 жылы жеті білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық аккредитация өткізу үшін бюджеттен 136,5 млн теңге, ал 2009 жылы үш білім беру бағдарламасы бойынша - 58,5 млн теңге бөлу жоспарлануда.

Сонымен қатар, министрлік ағымдағы жылы еліміздің университеттерін аттестациядан өткізуді жоспарлап отыр. "Қойылған біліктілік талаптарына сәйкес емес жоғарғы оқу орындарының барлығы да жабылады",- деп атап көрсетті министр. Ж. Түймебаевтың айтуынша, "жоғарғы оқу орындары желісін оңтайландыру үшін олардың бөлімшелерінің желісі қысқартылып, университеттерді біріктіру қолға алынады".

"Осы жылы 51 жоғарғы оқу орны аттестациядан және 22 университет тексеруден өтеді",- деп хабардар етті министр. Сондай-ақ, оның сөздеріне сүйенсек, қазіргі уақытта тоғыз оқу орнының 21 бөлімшесін жабу туралы шешім қабылданған. Ж. Түймебаев мұндай шешімнің университет басшыларының өздерінің аймақтық бөлімшелерін жабуды сұраған өтініштері негізінде қабылданғандығын түсіндіріп өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны