14.09.2009, 18:45 3079

Қазақстанда "Ұлттың көшбасшысы туралы" Конституциялық заңды қабылдау қажет - Д.Қалетаев

Қазақстанда "Ұлттың көшбасшысы туралы" Конституциялық заңды қабылдау қажет - Д.Қалетаев

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда "Ұлттың көшбасшысы туралы" Конституциялық заңды қабылдау қажет. Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір бойғы президенттігі мәселесін кең ауқымды мағынада қарастыру қажет. Бүгін журналистердің сұрақтарына жауап берген "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев осылай деді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Менің ойымша, "ҚР Тұңғыш Президенті туралы" заңның аясында "Ұлттың көшбасшысы туралы" Конституциялық заңды қабылдау туралы ұсыныс түсіруге болады. Бұдан кейін, Қазақстанның қазіргі президентінің өкілеттіліктерін айқындау, тіпті қолданыстағы Конституцияға өзгерістер енгізу мәселелерін де қарастыруға болады", - деді Д.Қалетаев.

"Бұл туралы ұсыныс төменнен түсіп жатқандықтан, біз бұл мәселені қолдаймыз. Бірақ оны кең ауқымды мағынада қарастыру қажет. Өйткені Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бүгінгі басшысы ғана емес, ол елдің, ұлттың, халықтың көшбасшысы екені ақиқат. Сондықтан мұндай сарындағы мәселе, оның өмірбойғы президенттігі мәселесімен шектелмеуі қажет", - деді ол.

Д.Қалетаев сондай-ақ 2000 жылғы шілденің 20-сында Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастыруға Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі негізінде "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" Конституциялық заң қабылданғанын атап өтіп, бұл сұрақты заңнамалық тұрғыда қарастыруға әбден болатынын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны